"Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы "Алтын Орда-3" шағын ауданында футбол стадионын салу" құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
