Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының бесінші бөлігіне және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 218 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін меммлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице – министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 363 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы | Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Арнайы автокөлік құралдарының шекті саны | Айына 1 автомобильдің жүру лимиті (километр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Арнайы автокөлік құралы | Жер қойнауын пайдалану объектілеріне, геологиялық зерттеу бойынша операцияларға, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға бақылауды жүзеге асыру үшін | Геология комитетінің геология өңіраралық департаменттері, оның ішінде: | 23 | 2600 |
Шығыс Қазақстан | 3 | 2600 | ||
Батыс Қазақстан | 6 | 2600 | ||
Солтүстік Қазақстан | 4 | 2600 | ||
Орталық Қазақстан | 4 | 2600 | ||
Оңтүстік Қазақстан | 6 | 2600 |
Ескертпе:
арнайы автокөлік - жер қойнауын пайдалану объектілеріне, геологиялық зерттеу бойынша операцияларға, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға бақылауды инспекциялық және жедел басқаруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы;
мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша жедел ден қоюды талап ететін халықтың өмірі үшін қауіпті жағдай туындаған кезде, оны тіркеу және болдырмау үшін, төтенше жағдайларда (су тасқыны, орман өрттері, техногендік және экологиялық апаттар және т. б.), сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер кезінде айына 1 автомобильдің жүру лимиті 4000 километрге дейін ұлғайтылуы мүмкін;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс.
