"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 301 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) ішкі су жолында қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады