БҰЙРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
"29-1) сатып алынатын материалдар мен негізгі құралдардың, жұмыстардың құны мен санын көрсете отырып, магистальдық теміржол желісін дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды бекіту;".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Қалиақпаров |