"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Сарқан ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 cәуірдегі № 133 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183926 болып тіркелген);
2) Сарқан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Сарқан ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 180187 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ғ. Маманбаев |
