Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 "Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65736 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл аудандық мәслихат төрағасы | Д.Е.Каримов |
