Жетісу облысы бойынша ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 33-203 шешімі

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26 - бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 "Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213665 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Тойлыбаева

  Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы "12" желтоқсандағы № 33-203 шешіміне қосымша

Жетісу облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері

Аудан атаулары

Су тг/м3

1

Ескелді ауданы

119,08

2

Кербұлақ ауданы

109,74

3

Текелі қаласы

78,344

4

Сарқан ауданы

131,88

5

Көксу ауданы

125,25

6

Ақсу ауданы

148,58

7

Алакөл ауданы

134,14

8

Қаратал ауданы

170,00

9

Панфилов ауданы

100,8

10

Талдықорған қаласы

83,78


Орта тариф өлшемі

120,16

      Төлем мөлшері – 120,16 тг/м³.

      Текелі қаласы бойынша күтілетін субсидия көлемін есептеу мысалы: Субсидия көлемі келесі формула бойынша есептеледі:

      S= V*T*R, = 162 391 м3*78,34 тг/м3*53,38% = 6 790 849 тг/айына.

      V - субсидияланған судың жылдық көлемі = 29 742 (адам)*182л/тәу*30дн = 162 391 м3.

      R (субсидия көлемі) = (T-P)/T*100 = (78,34-120,16)/78,34*100 = 53,38%.

      Халықтың ауызсу тұтынуы бойынша жылдық субсидиялар қорытындысында сумен жабдықтаушы ұйымға күтілетін қаржыландыру көлемі 81 490 мың теңгені құрайды, бұл көрсеткіш көрсетілетін қызметтердің жылдық шығындарының (228 389 мың теңге болған жағдайда) 35,6% өтемақысы мен азаюын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады