Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27 - бабы 2 - тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 "Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213889 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Облысы әкімдігінің 2025 жылғы ____ _______________ № _______ қаулысына қосымша

Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

Аудандар, қалалар бойынша объектілердің атауы


Қаратал ауданы

1

"Қаратал таза су" су шаруашылығы ұйымы (Көпбірлік ауылы)

2

"Қаратал таза су" су шаруашылығы ұйымы (Қарақұм ауылы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады