"Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 193 қаулысы

      Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы "Жетісу облысының аумағында ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" № 422 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208424 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___"___________ №_________қаулысына қосымша

Жетісу облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2024 жыл
(теңге)

2025 жыл (теңге)

Айырмашылығы
(- теңге)

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы см

400

400

0

2.

Жетісу облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы см

97

97

0

3.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы см

184

184

0

4.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

142

90

52

5.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

38

38

0

6.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

375 000

350 000

25 000

7.

Міндетті теле-радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жетісу облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

10685

10685

0

8.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

15 000

15 000

0

9.

Жетісу облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликті дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

570

570

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады