"Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 215 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 13181 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      D-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

D


Техникалық орындаушылар:
архивариус; ассистент; бақылаушы; білім беру ұйымдарындағы жеке көмекші; диспетчер; дыбыстық, трансляциялық техникаға, телевизиялық және дизель жабдықтарына қызмет көрсететін механик; есеп жүргізуші; есепші; іс жүргізуші; кассир; кезекші әкімші; комендант; көшіру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасының, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің, бейнежазба, дыбысжазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеуіш машиналардың, компьютерлік ұрылғыларға қызмет көрсету, диспетчерлік қызметтің операторы; күзетші; медбикенің көмекшісі; мұражай қараушысы; оқу бөлімінің хатшысы; паспортшы; рұқсаттама бюросының кезекшісі; статистик; стенограф; стенограф-хатшы; суфлер; табельші; тәрбиешінің көмекшісі; тіркеуші; фельдъегерь; экспедитор; экспонат сақтаушысы; хатшы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады