Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 193 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Министр Ғ. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  бұйрығымен бекітілген

Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 168-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – ДББҰ) ұсынатын нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) есеп – ДББҰ-ның нысаналы салымды пайдалануы туралы есептілігі;

      3) ДББҰ – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Заңмен айқындалатын, мүше болмайтын коммерциялық емес ұйым.

2-тарау. Нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі, оның нысандары мен ұсыну мерзімдері

      3. ДББҰ уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есепті жасайды және ұсынады.

      4. Есеп онда көзделген көрсеткіштерге дәл сәйкестікпен толтырылады.

      Ағымдағы есепті кезеңге де, сол сияқты алдыңғы кезеңге де (олар бекітілгеннен кейін) қатысты есеп деректерін өзгерту деректердің бұрмалануы анықталған кезеңде жасалған есепте жүргізіледі.

      5. Есепке тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, ДББҰ-ның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам және бас бухгалтер қол қояды. Есепке бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      6. ДББҰ осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға есептің қол қойылған және мөрмен расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін ұсынады.

      7. Есепті ДББҰ:

      1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      8. Есепті жасау кезінде ДББҰ Бюджет кодексінің 168-бабы 10-тармағының және осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарын басшылыққа алады.

3-тарау. Нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

      9. Нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар:

      1) ДББҰ-ның есепті кезеңдегі тиісті бюджеттің шығыстары бойынша кассалық негізде жүзеге асырылатын барлық операциялары көрсетіледі;

      2) бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылатын шығындар баптары бойынша, оның ішінде нысаналы салымды пайдалану нәтижелері туралы толық және анық деректерді (цифрларды) қамтиды.

  Нысаналы салымды пайдалану
туралы есептілікті жасау
қағидаларын, оны ұсыну
нысандары мен мерзімдерін,
сондай-ақ нысаналы салымды
пайдаланудың барысы мен
нәтижелері туралы ұсынылатын
ақпаратқа қойылатын талаптарға
қосымша

Нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есеп

Бюджеттік бағдарламаның
әкімшісі

224 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Бюджеттік бағдарлама

010 "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына нысаналы үлес

Заңды тұлға

дербес білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңмен айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйымы

Кезеңділігі

тоқсан сайын, жыл сайын

Бюджет түрі

республикалық бюджет

Атауы

 
Өлшем бірлігі

Жоспар

Іс жүзінде орындау

Қалдық

Көрсеткішті орындау пайызы

жылдық

есепті кезеңге

есепті кезеңге

жылдық

есепті кезеңге

жыл басынан бастап
(5-баған / 3-баған 3*100)

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалпы шығыстар, оның ішінде:








"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының педагогтері мен қызметкерлерінің кәсіби дамуы:

Педагогтердің біліктілігін арттыру

мың теңге







біліктілікті арттыру курстарына қатысқан Зияткерлік мектеп қызметкерлерінің саны

бірліктер







Әдістемелік сүйемелдеу:

Оқу бағдарламалары мен жоспарларын қайта қарау

мың теңге







"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы бойынша қайта қаралған оқу жоспарларының саны - NIS-Programme

бірліктер







9-сыныптағы NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта қарау (мұғалімге арналған нұсқаулық)

мың теңге







9-сыныптағы NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша қайта қаралған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің саны (мұғалімге арналған нұсқаулық)

бірліктер







Зияткерлік мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту тренингтері

мың теңге







NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша тренингтер мен семинарларға қатысқан Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің саны

бірліктер







IB оқушыларын емтихандарға тіркеу,
MYP, DP бағдарламасына авторизация үшін жылдық жарна, ТМД ХБ қауымдастығына, Кавказ және Орта Азия елдеріне жылдық жарна,
Atlas Rubicon, IB Questionbank, Turnitin, InThinhking, ascTimetables, outof7 жазылуды ұзарту

мың теңге







IB DP емтихандарына тіркелген 10 сынып оқушыларының саны

бірліктер







Білім беру процесі:

Шетелдік педагогтерді тарту

мың теңге







тартылған шетелдік педагогтардың саны

бірліктер







Олимпиадаларға қатысу

мың теңге







республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға дайындықпен және қатысумен қамтылған оқушылар саны

бірліктер







республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан жүлдегерлер саны

бірліктер







Бағалау жүйесі:

Оқушыларды конкурстық іріктеу

мың теңге







оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысқан үміткерлер саны

бірліктер







оқушыларды конкурстық іріктеуді бағалаудың әзірленген құралдарының саны

бірліктер







Оқушыларды сыртқы жиынтық бағалау

мың теңге







сыртқы жиынтық бағалауды бағалаудың әзірленген құралдарының саны

бірліктер







сыртқы жиынтық бағалаудан өткен оқушылар саны

бірліктер







Педагогтерді конкурстық іріктеу

мың теңге







әзірленген және сараптамадан өткен тест тапсырмаларының және педагогтерді конкурстық іріктеу ресурстарының саны

бірліктер







өткен жылмен салыстырғанда педагогтердің конкурстық іріктеуінен өтуге үміткерлер санының өсуі

үлесі (%)







Білім беруді бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастыққа мүшелік (БББЖХҚ), Еуропалық білім беруді бағалау қауымдастығына мүшелік
(ЕБББҚ)
(БББЖХҚ -650 еуро, ЕБББҚ -1200 доллар)

мың теңге







сыртқы бағалауды аккредиттеу нәтижелері бойынша AS / a level халықаралық біліктіліктеріне сәйкестігін растаған пәндер саны

бірліктер







Зияткерлік мектептердің CIS халықаралық аккредиттеуден өтуі / аккредиттеу / "аккредиттеуге Кандидат" мәртебесі үшін жыл сайынғы жарна, CIS мүшелігі үшін жарна

мың теңге







CIS аккредиттелген және CIS аккредиттеуге үміткер болып табылатын Зияткерлік мектептер саны

бірліктер







Халықаралық зерттеуге қатысу (PISA)

мың теңге







PISA-2025 халықаралық зерттеуіне тіркелген 15 жастағы Зияткерлік мектеп оқушыларының саны

бірліктер







PISA-2025 халықаралық зерттеуіне қатысқан 15 жастағы Зияткерлік мектеп оқушыларының саны

бірліктер







IELTS халықаралық емтиханын ұйымдастыру және өткізу

мың теңге







IELTS тапсырған оқушылар саны

бірліктер







"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және дамыту:

NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы

мың теңге







жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер мен ішкі жүйелердің саны

бірліктер







"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жүйесінің жұмыс істеуін әкімшілендіру және қамтамасыз ету:

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы

мың теңге







дербес білім беру ұйымының және орталықтар қызметкерлерінің қанағаттану деңгейі

үлесі (%)







Зияткерлік мектеп қызметкерлерінің қанағаттану деңгейі

үлесі (%)







оқушылардың қанағаттану деңгейі

үлесі (%)







дербес білім беру ұйымының қызметкерлерінің қатысу деңгейі

үлесі (%)







Бағыт: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін орта білім беру жүйесіне тарату

Жалпы білім беретін мектептердің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және дамыту

мың теңге







жалпы білім беретін мектептердің тіркелген пайдаланушыларының саны

бірліктер







      Инвестицияланған қаражаттың әсері (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық)

Атауы

Түсіндіру

1

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады