БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34272 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінде:
Академиялық оқу үшін барлық мамандықтар бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
274 | Нью-Йорк кино академиясы (New York Film Academy) | Америка Құрама Штаттары | https://www.nyfa.edu/ |
275 | Лондон өнер университеті (University of the Arts London) | Ұлыбритания Және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі | https://www.arts.ac.uk/ |
276 | Корольдік музыка академиясы (Royal Academy of Music) | Ұлыбритания Және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі | https://www.ram.ac.uk/ |
277 | И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (I.M. Sechenov First Moscow State Medical University) | Ресей Федерациясы | https://www.sechenov.ru/ |
278 | Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі (London School of Hygiene & Tropical Medicine) | Ұлыбритания Және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі | https://www.lshtm.ac.uk/ |
279 | Сан-Францискодағы Калифорния университеті (University of California, San Francisco) | Америка Құрама Штаттары | https://www.ucsf.edu/ |
". |
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі