Объектілік ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №240 бұйрығының 1 тармағының 2 тармақшасына, Жезқазған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Авариялық жағдайдың туындау қаупіне орай, Жезқазған қаласындағы Абай көшесі, 77 мекенжайында орналасқан "Білім – инновация №3 облыстық лицей - интернаты" КММ – не дейін 77 кварталдағы трансформаторлық қосалқы станциясынан (ТП - 77) тартылған 0,4 кВ кабель желісінің зақымдануына байланысты объектілік ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары А.Ә. Арынов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласы әкімі Қ. Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады