2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 100/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы "11" желтоқсандағы
№ 100/01
қаулысына қосымша

2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Үлгісі

Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)

Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен)

1

Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Ұлытау облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ

стационар

265710

8857

2

"Ұлытау-Мейірім" ҚҚ

жартылай стационар

266129

12096

      Ескерту:

      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      ҚҚ – қоғамдық қоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады