Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 26 "Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 250 шешімі

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 26 "Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлытау облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 4-2) тармақшасына және "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.".

      мынадай мазмұндағы 176- тармақпен толықтырылсын :

      "176. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады