Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 26 "Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
шешімнің қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлытау облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағы 4-2) тармақшасына және "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.".
мынадай мазмұндағы 176- тармақпен толықтырылсын :
"176. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |