"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйегіндегі қорытындысы негізінде Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қаласы көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Мира даңғылын – Бейбітшілік даңғылы;
Либкнехта көшесі мен Карл Либкнехта тұйық көшесін (екеуі бір көшеде жалғасып жатыр) – Қамза Жұмабеков көшесі;
атауы жоқ көшелер бойынша:
Батыс ауданындағы атауы жоқ бірінші кезектегі бірінші көшені - Бектай Әбсаттар көшесі;
Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі бірінші көшені – Қалкен Мәкенбаев көшесі;
Батыс ауданындағы атауы жоқ екінші кезектегі екінші көшеге – Түсіп Секеманов көшесі.
2. Осы бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы және облыстық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
