Қаратау қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-224 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 50-11 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес және Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Талас ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратау қаласында орналасқан Железнодорожная көшесін Ырысты көшесі, Железнодорожный тұйық көшесін Ырысты тұйық көшесі, Фабричная көшесін Нарша Қашағанұлы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын қадағалау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданының әкімі Н. Жүнісбеков
      Талас аудандық мәслихатының төрағасы К. Садубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады