Т. Рысқұлов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 153 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Т.Рысқұлов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Т.Рысқұлов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Есиркепов

  № 1 қосымша

Т.Рысқұлов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан жері

Алып жатқан аланы, шаршы метр

Маршрут сызбасы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Стационарлық емес сауда объектілерінің түрі

1
1

Құлан а/о, Құлан ауылы Орталықтағы шөп базардың батыс жағында орналасқан

266

Жібек-Жолы көшесі №17

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

Автодүкен

 
2

Ақбұлақ а/о Р.Сәбденов ауылы Ақбұлақ мәдениет үйінің алаңында орналасқан

1270

Құрманғазы көшесі №31

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

Автодүкен

 
3

Луговой а/о, Луговой ауылы Смат Есімов көшесі мен Рамазан Құрымбаев көшесінің қиылысында орналасқан

300

Смат Есімов көшесі №73 үйдің алаңында

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

Автодүкен

4

Қарақыстақ а/о, Каменка ауылы Қарақыстақ ауылдық округі әкімшілігінің алдында орналасқан

450

Жібек-Жолы көшесі №122

5 жыл

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

Автодүкен

Бағытының схемасы

      1.Жібек-Жолы көшесі №17 Құлан ауылы Орталықтағы шөп базардың батыс жағында орналасқан, 266 шаршы метр.

      2.Құрманғазы көшесі №31 Р.Сәбденов ауылы Ақбұлақ мәдениет үйінің алаңында орналасқан 1270 шаршы метр.

      3.Смат Есімов көшесі №73 Луговой ауылы Смат Есімов көшесі мен Рамазан Құрымбаев көшесінің қиылысында орналасқан 300 шаршы метр.

      4.Жібек-Жолы көшесі №122 Каменка ауылы Қарақыстақ ауылдық округі әкімшілігінің алдында орналасқан 450 шаршы метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады