Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 71 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2 тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйырығына және Қордай ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2025 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс отырысының № 5 хаттамасына сәйкес, Қордай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінде орналасқан "Қарақоңыз" су қоймасында орын алған апаттық жағдай салдарынан Масанчи ауылы тұрғындарының тыныс-тіршілігін бұзылуы қауіпі туындауына байланысты "Қарақоңыз" су қоймасында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын;

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын;

      3. Жамбыл облысы "Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын;

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Болатбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады