Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69, 119-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарынна негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамына ВЛ-220кВ электр желісінің құрылысын жүргізу үшін қосымшаға сәйкес көлемі 4,5783 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Несипбековкежүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Е. Қыдыралыұлы |