Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 151, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 262, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 116, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 174, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 71 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 235/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Б.Көшербаевтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік мәселелер жөніндегі 2025 жылғы 24 наурыздағы кеңестің № 16-14/Б-426 хаттамасының 2.2-тармағының екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында:

      "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру";

      "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну";

      "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу";

      "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";

      "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру";

      "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету";

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру";

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну";

      "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау";

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау";

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін және (немесе) қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылсын.

      2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті пилотқа қатысушы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып:

      1) осы бірлескен бұйрықты өзінің мүдделі аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт министрліктерінің интернет-ресурстарында орналастырсын;

      3) пилотты іске асыру үшін ақпараттық жүйелерді техникалық даярлауды және уәкілетті органдардың қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп:

      1) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін "Е-Собес" ААЖ және "Әлеуметтік көмек" ААЖ жұмысына оқытсын және кеңес берсін;

      2) пилоттық жобаны іске асыру және жүргізудің ай сайынғы мониторингін жүргізсін.

      5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ғылым және жоғары білім, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушы
Д. Щеглова
      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова
      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев
      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нағаспаев
      Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы
Е. Еркінбаев
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қаласының әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды облысының әкімі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 262
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 151
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 116
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 174
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
  Министрлігінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 71
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 235/НҚ бірлескен
бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және (немесе) қызметті көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) пилоттық жобаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін жүргізуді айқындайды.

      2. Пилоттық жобаны іске асыру аумағы Шымкент қаласы және Қарағанды облысы болып табылады.

      3. Бұл Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-реттелген жиынтығы;

      2) қызмет алушы – мемлекеттік қызмет және (немесе) қызмет көрсетілетін жеке тұлға және (немесе) баланың заңды өкілі;

      3) "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформа ретінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде осы Алгоритм аясында қарастырылатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      4) "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Әлеуметтік көмек" ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде осы Алгоритм аясында қарастырылатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      5) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) - ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;

      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;

      7) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – білім беру саласындағы уәкілетті орган) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының білім басқармалары, Шымкент қаласының және Қарағанды облысының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

      8) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган) – Шымкент қаласының және Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы;

      9) тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган) – "Отбасы банк" АҚ;

      10) дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – дене шынықтыру саласындағы уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

      11) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ұялы байланыс операторлары ұсынған көрсетілетін қызметті алушылардың есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмірлерінің базасы;

      12) "Мониторинг" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Мониторинг" АЖ) - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған АЖ-ның кіші жүйесі;

      13) отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған, отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік саламаттылығы деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік беретін талдамалық шешім;

      14) Отбасының (адамның) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі (бұдан әрі – Скорингтік үлгі) – ОЦҚ деректері негізінде отбасының (адамның) әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын бағалаудың ресімделген әдісін іске асыратын цифрлық платформа модульі;

      15) өтініш беруші – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінетін адам;

      16) пилоттық жобаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Өнеркәсіп және құрылыс, Туризм және спорт министрліктері, Шымкент қаласының әкімдігі, Қарағанды облысының әкімдігі;

      17) "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰБДҚ) – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйесі;

      18) "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЖББП" АЖ) – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру саласындағы мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйесі;

      19) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      20) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      Осы алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Білім туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

      4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      5. Пилоттық жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды.

      6. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйелердің тараптары – ақпаратты беретін сервистердің иелері қамтамасыз етеді.

      7. Скорингтік үлгі сандық және сапалық деректер негізінде өтініш берушіге әл-ауқат деңгейін береді және осы Алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес әл-ауқат критерийлері бойынша автоматты түрде анықтайды.

      8. Берілген әл-ауқат деңгейі негізінде пилоттық жобаға қатысушылар осы Алгоритмге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Скорингтік үлгінің 6-деңгейіндегі экономикалық орнықтылықты сипаттайтын әл-ауқат деңгейі бар өтініш берушілер пилоттық жобадағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтылуға жатпайды.

      10. Пилоттық жоба аясында "Е-Собес" ААЖ және "Әлеуметтік көмек" ААЖ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәртебесін "Мониторинг" АЖ-ға жолдамайды.

2-тарау. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      11. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) веб-портал;

      2) ЖЖОБҰ;

      3) www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғы) арқылы жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31540 болып тіркелген) (бұдан әрі – №219 Қағидалар) 2-қосымшада көзделген құжаттарды қоса береді.

      13. Электрондық өтініштер веб-порталдан, ЖЖОБҰ немесе абоненттік құрылғыдан түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      14. "Е-Собес" ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      15. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-дан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      16. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      17. ЖЖОБҰ маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      18. ЖЖОБҰ маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия төрағасына қол қоюға жолдайды.

      19. Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия төрағасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      20. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-ға және "ЖББП" АЖ-ға беріледі.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 219 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      23. "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      24. Өтініш беруші өтінішке "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20579 болып тіркелген) Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі – № 180 қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      25. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      26. "Е-Собес" ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      27. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      28. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      29. ЖЖОБҰ маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      30. ЖЖОБҰ маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және ЖЖОБҰ басшысына қол қоюға жолдайды.

      31. ЖЖОБҰ басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      32. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на және "ЖББП" АЖ-ға беріледі.

      33. Мемлекеттік қызмет көрсету № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 180 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      35. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал;

      3) ЖЖОБҰ;

      4) абоненттік құрылғы арқылы жүзеге асырылады.

      36. Өтініш беруші өтінішке "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 Қағидалар) 2-қосымшасында және жергілікті уәкілетті органдардың шешеімдерінде қарастырылған құжаттарды қоса береді.

      37. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация, веб-портал, ЖЖОБҰ немесе абоненттік құрылғы арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      38. "Е-Собес" ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      39. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      40. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      41. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган маманы "Е-Собес" ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      42. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы қол қоюға жолдайды.

      43. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      44. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.

      45. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) баланың өлімі;

      2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы;

      3) баланы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарға тұруға жіберу.

      46. Мемлекеттік қызмет көрсету № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      47. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 84 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну", "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру", "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      48. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну", "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру", "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтерін алу үшін өтініш беруш уәкілетті органға осы Алгоритмнің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      49. Өтініш беруші өтінішке "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен бекітілген "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында, "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында және "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының 2-қосымшасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) көзделген құжаттарды оқу жылында 1 (бір) рет қоса береді (бұдан әрі – № 158 ОАМ Қағидалар).

      50. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      51. "Е-Собес" ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      52. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-дан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      53. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      54. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы "Е-Собес" ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      55. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      56. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      57. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, "ҰБДҚ" АЖ-ға және "Әлеуметтік әмиянға" беріледі.

      58. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) баланың өлімі;

      2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы;

      3) баланы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу.

      59. Мемлекеттік қызмет көрсету № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      60. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 158 ОАМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      61. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      62. Өтініш беруші өтінішке "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) 2-қосымшасында көзделген құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – № 66 Қағидалар).

      63. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      64. "Е-Собес" ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      65. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      66. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      67. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы "Е-Собес" ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      68. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      69. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-сінде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      70. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, "ҰБДҚ" АЖ-ға және "Әлеуметтік әмиянға" беріледі.

      71. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) баланың өлімі;

      2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы

      3) баланы білім беру ұйымынан шығарылуы.

      72. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету баланың қайтыс болғаны туралы не оны осы мемлекеттік қызметті ұсынатын білім беру ұйымынан шығару туралы мәліметтер келіп түскен кезден бастап тоқтатылады.

      73. Мемлекеттік қызмет көрсету № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      74. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 66 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

7-тарау. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағытұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      75. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағытұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Алгоритмнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      76. Өтініш беруші өтінішке "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 82 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32226 болып тіркелген) 2-қосымшасында көзделген құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – № 82 Қағидалар).

      77. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      78. "Е-Собес" ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      79. "Е-Собес" ААЖ білім беру ұйымының білім алушыларының немесе тәрбиеленушілерінің санаттарына қарай, өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келесі мәліметтерді алу үшін мынадай сұрау салуларды жүзеге асырады:

      1) ҰБДҚ-дан отбасыларда (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар үшін) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;

      2) өтініш берушінің (отбасының) "Әлеуметтік көмек" ААЖ-нен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін) тиесілігін растайтын мәліметтер;

      3) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін).

      80. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      81. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы "Е-Собес" ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      82. Білім беру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      83. Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      84. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на, "ҰБДҚ" АЖ-ға және "Әлеуметтік әмиянға" беріледі.

      85. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) баланың өлімі;

      2) қызмет алушының тұрақты тұруға Шымкент қаласынан және Қарағанды облысынан тыс шығуы

      3) баланы білім беру ұйымынан шығарылуы.

      86. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету баланың қайтыс болғаны туралы не оны осы мемлекеттік қызметті ұсынатын білім беру ұйымынан шығару туралы мәліметтер келіп түскен кезден бастап тоқтатылады.

      87. Мемлекеттік қызмет көрсету № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      88. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 82 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

8-тарау. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      89. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 152 Қағида) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидасының 6-тармағында көзделген кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

      90. Өтініш беруші тұрғын үй саласындағы уәкілетті органға осы Алгоритмнің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      91. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      92. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің МАБ-да тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған өтініш берушінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың АЖ-дан келесі мәліметтерді алады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына тиесілігін растайтын мәліметтер;

      2) алынған кірістер туралы мәліметтер, оның ішінде жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы мәліметтер (жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін);

      3) осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтер.

      93. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 152 Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

      94. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы мәліметтерді алғаннан және құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін өтінішті "Әлеуметтік көмек" ААЖ-ға тіркейді.

      95. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы "Әлеуметтік көмек" ААЖ-ға ақпарат келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      96. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызмет отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспаған көрсетілетін қызмет алушыға ұсынылады.

      97. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Әлеуметтік көмек" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      98. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы шешім ОЦК-на және "Отбасы" АЖ-ға отбасының цифрлық сипаттамасын және ведомствоаралық есепті өзектендіруге беріледі.

      99. Қызмет келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұқтаж деп танылған тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін жоғалтуы;

      2) алушының төлемдерді алудан бас тартуы;

      3) алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйден шығару;

      4) алушы басқа тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда;

      5) қайтыс болған жағдайда, төлем жасау құқығы онымен бірге есепте тұрған отбасы мүшелеріне өтеді, егер бұл ретте оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздер жойылмаса;

      6) кезекте тұрған адамның жалдау (жалға алу) шартында көрсетілген мекенжай бойынша тұрмауы;

      7) қолдан жасалған және жалған мәліметтер беру;

      8) жақын туыстарынан тұрғын үйді жалға алу фактісін анықтау.

      100. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсыну осы Алгоритмнің 100-тармағында көрсетілген мәліметтер келіп түскен сәттен бастап тоқтатылады.

      101. "Отбасы банк" АҚ филиалында мемлекеттік қызмет көрсету № 152 Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

      102. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 152 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      103. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Алгоритмнің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      104. Өтініш беруші өтінішке "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген құжаттарды (бұдан әрі – № 117 Қағидалар) қоса береді.

      105. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Әлеуметтік көмек" ААЖ-да тіркеледі.

      106. "Әлеуметтік көмек" ААЖ мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      107. "Әлеуметтік көмек" ААЖ мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау жолдайды.

      108. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      109. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы "Әлеуметтік көмек" ААЖ-сы арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      110. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      111. Тұрғын үй саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Әлеуметтік көмек" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      112. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.

      113. Мемлекеттік қызмет көрсету № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      114. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 117 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      115. "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      116. Өтініш беруші "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуді төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20784 болып тіркелген) 2-қосымшада көзделген құжаттарды (бұдан әрі – № 158 МСМ Қағидалар) өтінішке қоса береді.

      117. Электрондық өтінімдер Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы түседі және "Е-Собес" ААЖ-да тіркеледі.

      118. "Е-Собес" ААЖ-сі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде АЖ-да қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін өтініш берушіден және отбасы мүшелерінен (өтініште көрсетілген) келісімді дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салуды жолдау арқылы алады.

      119. "Е-Собес" ААЖ мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау жолдайды.

      120. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру № 158 МСМ Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      121. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы осы Алгоритмнің 3-қосымшасына сәйкес ОЦК-нан мәліметтерді және ОЦК-ның Скорингтік үлгісінің бағалау нәтижесін алу үшін сұрау салуды жүзеге асырады.

      122. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның маманы өтініш жүйеде тіркелген күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОЦК-нан алынған мәліметтер және қабылданған құжаттар негізінде осы Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды.

      123. Дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешім қабылдап, оны "Е-Собес" ААЖ-да электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      124. Мемлекеттік қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім ОЦК-на беріледі.

      125. Мемлекеттік қызмет көрсету № 158 МСМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      126. Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабардар ету № 158 МСМ Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
1-қосымша

Отбасының (азаматтың) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Отбасының (азаматтың) әл-ауқат деңгейін бағалаудың скорингтік үлгісі (бұдан әрі – Скорингтік үлгі) Отбасының цифрлық картасы арқылы материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік осалдық көрсеткіштері негізінде қалыптастырылатын әл-ауқат шкаласы бойынша отбасын (адамды) автоматты жіктеу үшін қолданылады.

      2. Скорингтік үлгіде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс;

      2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      3) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесiнде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрi;

      4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) кедейлік шегі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;

      6) тұрғын үй – белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын бірлік (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақхана бөлмесі, модульдік (жылжымалы) тұрғын үй);

      7) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандары;

      8) материалдық компонент – үй шаруашылықтарының экономикалық орнықтылығын көрсететін сипаттамалар жиынтығы. Материалдық компонент деп құндық бағалауға жататын және үй шаруашылықтарының мүліктік жағдайының объективті сипаттамаларын көрсететін экономикалық категориялардың жиынтығы түсініледі;

      9) үй шаруашылығы – өз табыстарын, мүлкін біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерін, оның ішінде тұрғын үй мен азық-түлікті бірлесіп тұтынатын, бір тұрғылықты жері бойынша бірге тұратын және тіркелген адамдар тобы не отбасы. Үй шаруашылығы бір адамнан тұруы мүмкін.

2-тарау. Әл-ауқат деңгейін анықтау

      3. Әл - ауқат деңгейі көрсетілетін қызметті алушыларды материалдық қамтамасыз ету деңгейі бойынша жіктеу құралы ретінде әрекет ететін әл-ауқат шкаласы негізінде бағаланады.

      Көрсетілетін қызметті алушының әл ауқат деңгейі мынадай формула бойынша балдар сомасынан әл ауқат критерийлерінен айқындалады:

      ОӘД = ЖОТД + КМ + КБ + ЖМ + КК + АШТ + АЖҚ + КҚ + ТҚ + КЖМ + ЖҚШ + ЖУ

      мұндағы:

      ОӘД – отбасының (адамның) әл-ауқат деңгейі;

      ЖОТД – "Жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі" критерийі;

      КМ – "Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы" критерийі;

      КБ – "Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы" критерийі;

      ЖМ – "Жылжымалы мүліктің болуы / болмауы" критерийі;

      КК – "Коммерциялық көліктің (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) болуы/болмауы" критерийі;

      АШТ – "Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы" критерийі;

      АЖҚ – "Адамдарды жұмыспен қамту" критерийі;

      КҚ – "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны тіркеудің болуы/болмауы" критерийі;

      ТҚ – "Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі" критерийі;

      КЖМ – "Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы" критерийі;

      ЖҚШ – "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы" критерийі;

      ЖУ – "Жер учаскесінің болуы/болмауы" критерийі.

      4. Критерийлердің сандық бағасы олардың маңыздылығын ескере отырып, отбасының (адамның) сапалық параметрлеріне сандық балл беру арқылы анықталады.

      5. Отбасының (адамның) әл-ауқатын бағалау критерийлері:

      1) "Жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі" критерийі бойынша балдар былай бөлінді:

      табыстың болмауы – минус 1 000 000 ұпай;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 0-ден жоғары, бірақ кедейлік шегінен төмен – минус 100 000 ұпай;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі кедейлік шегінен жоғары, бірақ 1 (бір) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен – минус 10 000 балл;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 1-ден 2-ге дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 0 балл;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 2-ден 3-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 10 000 балл;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі 3-тен 4-ке дейін ең төмен күнкөріс деңгейі – 100 000 балл;

      жан басына шаққандағы орташа табыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4 және одан жоғары – 1 000 000 балл.

      2) "Ағымдағы кредиттік міндеттемелердің болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      кредиттік міндеттемелердің болмауы – 0 балл;

      кредиттік міндеттемелердің болуы – минус 1000 балл.

      3) "Кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      кредиттік міндеттемелер бойынша 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам берешектің болмауы – 0 балл;

      бір кәмелетке толған отбасы мүшесінде (тұлғада) кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам – минус 10 000 балл;

      барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерінде 90 күннен артық және 1000 теңгеден астам кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы – минус 100 000 балл.

      4) "Жылжымалы мүліктің болуы / болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      отбасының меншігінде жеңіл автокөліктің болмауы – 0 балл;

      бір жеңіл автокөліктің болуы – 1 000 балл;

      екі жеңіл автокөліктің болуы – 10 000 балл;

      үш және одан да көп жеңіл автомобильдердің болуы – 100 000 ұпай.

      5) "Коммерциялық көліктің (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      коммерциялық автокөліктің болмауы – 0 балл;

      коммерциялық автокөліктің болуы (автобус, жүк автокөлігі, шағын автобустар, мамандандырылған автомобильдер) – 100 000 балл.

      6) "Ауыл шаруашылығы техникасының болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы техникасының болмауы – 0 балл;

      ауыл шаруашылығы техникасының бір түрінің болуы – 10 000 балл;

      ауыл шаруашылығы техникасының екіден астам түрінің болуы – 100 000 балл.

      7) "Адамдарды жұмыспен қамту" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      еңбекке қабілетті адамның болмауы – минус 10 000 балл;

      еңбекке қабілетті жұмыс істемейтін адамдардың болуы – минус 100 000 балл;

      бір жұмыс істейтін адамның болуы – 0 балл;

      екі және одан да көп жұмыс істейтін адамдардың болуы – 100 000 балл.

      8) "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны тіркеудің болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген тұлғаның болмауы – 0 балл;

      жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаның болуы – 10 000 балл;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, акционерлік қоғамның құрылтайшысы ретінде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 100 000 балл;

      дара кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы, акционерлік қоғам ретінде бір мезгілде тіркелген тұлғаның (тұлғалардың) болуы – 1 000 000 балл.

      9) "Отбасының (адамның) тұрғын үймен қамтамасыз етілуі" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      тұрғын үйдің болмауы – минус 100 000 балл;

      бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден кем бір тұрғын үйдің болуы –минус 1 000 балл;

      бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден астам тұрғын үйдің бір бірлігінің болуы – 0 балл;

      екі-үш тұрғын үйдің болуы – 100 000 балл;

      үш-алты тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл;

      алты - он бір тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл;

      он бір бірліктен астам тұрғын үйдің болуы – 1 000 000 балл.

      10) "Коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      коммерциялық жылжымайтын мүліктің болмауы – 0 балл;

      коммерциялық жылжымайтын мүліктің болуы – 100 000 ұпай.

      11) "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      жеке қосалқы шаруашылықтың болмауы – 0 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеге дейін – 1000 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін – 1000 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін – 10 000 балл;

      жеке қосалқы шаруашылықтың болуы 2 миллион теңгеден астам – 100 000 балл.

      12) "Жер учаскесінің болуы/болмауы" критерийі бойынша балдар былай бөлінеді:

      жер учаскесінің болмауы – 0 балл;

      ЖТҚ үшін жер учаскесінің болуы – 0 балл;

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (1 гектардан астам) – 10 000 балл;

      ЖТҚ үшін жер учаскесінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (1 гектардан астам) – 10 000 балл.

3-тарау. Отбасыларды (адамдарды) әл-ауқат деңгейі бойынша саралау

      6. Отбасыларды (адамдарды) әл-ауқат деңгейі бойынша бөлу мынадай:

Әл-ауқат шкаласы

Анықтама

Сипаттама

Ұпай диапазоны

1

Төтенше қажеттілік

Тамақтануға қаражат жеткіліксіз..

Минус 500 000 ұпайдан аз

2

Қажеттілік

Тек тамақтану үшін жеткілікті, киім сатып алу қиын.

Минус 500 000 нан астам минус 50 000 ұпайдан аз

3

Салыстырмалы тұрақтылық

Тамақ пен киімге жеткілікті қаражат. Ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу қиын.

Минус 50 000 нан астам 50 000 ұпайдан аз

4

Тұрақтылық

Азық-түлікке, киімге, ұзақ мерзімді тауарларға жеткілікті қаражат. Жаңа көлік сатып алу қиын.

50 000 нан астам 500 000 ұпайдан аз

5

Жайлылық

Автокөлік сатып алуға жеткілікті қаражат. Қосымша жылжымайтын мүлікті сатып алу қиын.

500 000 нан астам 1 500 000 ұпайдан аз

6

Жоғары әл-ауқат

Материалдық проблемалардың болмауы. Қосымша жылжымайтын мүлікті сатып алуға жеткілікті қаражат.

1 500 000-нан астам ұпай

      7. Мемлекеттік қолдау шараларын қажет ететін отбасылармен (адамдарға) 1-ден 5-ке дейінгі әл-ауқат шкаласы бар отбасылар (адамдар) жатады.

4-тарау. Тәуелді жүктемені бағалау

      8. Тәуелді жүктеме экономикалық белсенді отбасы мүшелерінің экономикалық белсенді емес мүшелердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетін анықтау үшін бағаланады. Тәуелді жүктемені бағалау қаржылық тұрақтылықтың немесе отбасының (адамның) осалдығы мен өзін-өзі қамтамасыз ету әлеуетінің қосымша көрсеткіші ретінде пайдаланылады.

      9. Тәуелді жүктеме экономикалық белсенді емес отбасы мүшелері (асырауындағы адамдар) мен жұмысқа орналастырылған мүшелердің (асыраушылардың) арақатынасы арқылы бағаланады, сонымен қатар жұмысқа қабілетті, бірақ жұмысқа орналаспаған отбасы мүшелері арасында әлеуетті асыраушыларды анықтауды қамтиды.

      10. Отбасының құрамы еңбек мәртебесіне және экономикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету қабілетіне байланысты үш негізгі санатқа жіктеледі:

      1) асыраушылар – үй шаруашылығының еңбекке қабілетті және жұмысқа орналастырылған мүшелері;

      2) әлеуетті асыраушылар – еңбекке қабілетті, бірақ байқау кезінде еңбек әлеуеті бар жұмысқа орналастырылмаған мүшелер;

      3) асырауындағы адамдар – өздерінің материалдық қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері (балалар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар).

      11. Асырауындағы жүктемені (АЖ) анықтау бір және одан да көп асыраушының болу шартын негізге ала отырып, екі формуланың біреуі бойынша жүргізіледі:

      Шарт: асыраушы > = 1 формула 2 бойынша:

      АЖ = (асырауындағы адамдар + әлеуетті асыраушылар) / асыраушылар (2)

      Шарт : асыраушы = 0 Формула 3 бойынша:

      АЖ = (асырауындағы адамдар + әлеуетті асыраушылар) * -1 (3)

      Тәуелді жүктемені бағалау бойынша үй шаруашылықтарының рейтингі:

      АЖ нөлден төмен - жоғары тәуелді жүктеме;

      АЖ 0-ден 3-ке дейін-қалыпты тәуелді жүктеме;

      АЖ 3 – тен жоғары болған кезде-тәуелділіктің жоғары жүктемесі.

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
2-қосымша
  Нысан

      __________________________

      _____________ басшысына
азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
жеке сәйкестендіру нөмірі
өтініш берушінің мекен-жайы:
__________________________
(елді мекеннің атауы, тұрғылықты
жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Менің _____________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)

      ______ курсының, ________ тобында білім алатын ұлымды (қызымды)

      ____________________________________________________________________

      (ТАӘ (бар болған жағдайда)

      тегін тамақпен қамтамасыз етуді сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
3-қосымша

Адамның (отбасының) әлеуметтік портретін жасау үшін Отбасының цифрлық картасында қалыптастырылатын мәліметтер тізбесі

Мәліметтердің атауы

Мәліметтердің құрылымы

1.

Өтініш берушінің ЖСН

ЖСН ТАӘ (бар болған жағдайда)

2.

Әл-ауқат деңгейі

әл-ауқат деңгейі

3.

Отбасындағы адамдар саны


4.

Кіріс деңгейі

кіріс деңгейі
(жан басына шаққандағы орташа табыс – ЕТКД-нің 0-ден 70%-ға дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – ЕТКД-нің 70%-нан 1 ЕТКД-ке дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 2 ЕТКД-нен 3 ЕТКД-не дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 3 ЕТКД-нен 4 ЕТКД-не дейін,
жан басына шаққандағы орташа табыс – 4 ЕТКД-нен жоғары)

5.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар саны

саны

6.

Жеке қосалқы шаруашылық саны

саны

7.

Отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің саны

саны

8.

Меншікті тұрғын үй, жай саны

саны

9.

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған меншіктегі жер учаскесінің саны

саны

10.

Меншіктегі көлік құралдарының саны

саны

11.

Алименттер және (немесе) олар бойынша берешектері


12.

Әл-ауқат скорингі бойынша есептелген балл


  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім № _______ 20___ жылғы "___" _______ ____________________________________
(білім беру мекемесінің атауы)

      Істің № ___________________________________

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында

      өтініш берушіге _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (көмек түрінің атауы)

      көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі

      ___________________________________________________________________

      Өтініш беру күні 20___ жылғы "___" _____________

      Баланың аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Баланың туған күні 20__ жылғы "___" _______

      Уәкілетті органның басшысы

      _____________________________________________ _____________________

      (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Шешім жобасы дайындалды:

      Уәкілетті органның қызметкері

      _____________________________________________ _____________

      (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
5-қосымша
  нысан

      __________________________

      _____________ басшысына

      азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      өтініш берушінің мекенжайы:

      __________________________

      (елді мекеннің атауы, тұрғылықты

      жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)

      ___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)

      ________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
6-қосымша
  нысан

      __________________________

      _____________ басшысына

      азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      өтініш берушінің мекен-жайы:

      __________________________

      (елді мекеннің атауы, тұрғылықты

      жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Менің кәмелеттік жасқа толмаған баламды

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)

      жеке сәйкестендіру номері _______________,

      ___________________________________________________________ оқитын

      (мектеп №, сынып № және литерін көрсету)

      ___________________ (оқу жылын көрсету)

      үйде оқыту шығындарын өтеу бойынша төлем тағайындау үшін құжаттарын қабылдауды сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы:

№ п/п

Жеке сәйкестендіру номері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні және жылы

Өтініш берушімен туыстық қатынасы

Тұрақты мекенжайы

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
7-қосымша
  нысан

      __________________________

      _____________ басшысына

      азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      өтініш берушінің мекенжайы:

      __________________________

      (елді мекеннің атауы, тұрғылықты

      жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Менің кәмелеттік жасқа толмаған баламды

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)

      жеке сәйкестендіру номері _______________,

      ____________________________________________________________ оқитын

      (мектеп №, сынып № және литерін көрсету)

      ___________________ (оқу жылын көрсету)

      _________________________________________________ (көмек түрінің атауы)

      қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуді сұраймын.

      Менің отбасымның құрамы:


р/с

Жеке сәйкестендіру номері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні және жылы

Өтініш берушімен туыстық қатынасы

Тұрақты мекенжайы

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты (табыстары, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, банктік шоттар, қалдықтар және (немесе) олар бойынша ақша қозғалысы бойынша деректер) білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін..

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
8-қосымша
  Нысан
  __________________________
  _____________ басшысына
  азамат (ша) _________________
  аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және
  жеке сәйкестендіру нөмірі
  өтініш берушінің мекенжайы:
  __________________________
  (елді мекеннің атауы,
тұрғылықты жерінің
мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Мен __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      __________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке куәлігінің нөмірі, берген органның атауы

      ___________________________________________________________________

      менің отбасыма тұрғын үйді күтіп-ұстауға және тұтынылған тұрғын үй- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін

      ____________________________________________________________________

      мөлшерде тағайындауды сұраймын, _____ адам саны, тұрғылықты жері мекенжайы:

      ___________________________________________________________________.

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
9-қосымша
  нысан

      __________________________

      _____________ басшысына

      азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      өтініш берушінің мекенжайы:

      __________________________

      (елді мекеннің атауы, тұрғылықты

      жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Мен __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      __________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке куәлігінің нөмірі, берген органның атауы

      __________________________________________________________________

      менің отбасыма жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй үшін төлем тағайындауды сұраймын, ______ адам саны, тұрғылықты жері мекен-жайы:

      ___________________________________________________________________.

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің цифрлық
платформасында білім беру,
халықты әлеуметтік қорғау,
тұрғын-үй қатынастары және
дене шынықтыру
салаларындағы кейбір
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді көрсету бойынша
пилоттық жобаны іске асыру
кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
10-қосымша
  нысан

      __________________________

      _____________ басшысына

      азамат (ша) __________________

      аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) және

      жеке сәйкестендіру нөмірі

      өтініш берушінің мекенжайы:

      __________________________

      (елді мекеннің атауы, тұрғылықты

      жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Сізден маған өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемдері тағайындау мәселесін

      ___________________________________________________________

      өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________

      (жаттықтырушы үшін: дайындықпен спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);спортшы / жаттықтырушы үшін: спортшының жетістігі (спорт түрі бойынша бос емес орын), спорттық іс-шараның атауы (қала, ел, өткізілген жылы)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      қарастыруыңызды сұраймын.

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы________________

      Банкт шотыының №________________________________

      Шот түрі ағымдағы___________________________

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармақта көзделген заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса беремiн:

      1. __________________________________

      2. __________________________________

      3. __________________________________

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету құқығын айқындау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестендіру және жаңарту, сондай-ақ мен көрсеткен мәліметтер мен ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалану (беру) үшін отбасы құрамына кіретін адамдар туралы ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" _______ ________________________ азаматтың (-шаның) қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады