Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” 27 бабына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген “Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес, Мақаншы ауданының аумағында стацтонарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының жұмыс органы болып Мақаншы ауданының “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ-сі белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р.Абдрахмановқа жүктелсін.
| Аудан әкімінің м.а | А. Сарбаева |
| Мақаншы ауданы әкімдігінің "__"__________2025 жылғы № _______ қаулысына 1-қосымша |
Мақаншы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Ауылдық округ атауы | Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты оранласу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауданы жүзеге асыру кезеңі, жыл | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұсақ тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері бар болған жағдайда) |
1 | Мақаншы | ЖК "Нургалимов" базары | 100 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Айша" және "Тұрар" азық-түлік дүкендері |
2 | Мақаншы | ЖК "Тұрлықожанов" базары | 80 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Шырын" азық-түлік дүкені |
3 | Мақаншы | ЖК "Тастанбеков" базары | 50 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Ақбұлақ" азық-түлік дүкені |
4 | Қарабұлақ | Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 200 метр | 157 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жоқ |
5 | Қарабұлақ | Қарабұлақ ауылының іші | 320 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Мадияр" "Мөлдір" және "Ел Маржан" азық-түлік дүкендері |
6 | Қаратал | Қаратал ауылының аялдамасының оң жағы | 12,5 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | жок |
7 | Көктерек | Көктерек ауылы, Б.Момышұлы көш.№ 10 | 20 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Айгерім" азық-түлік дүкені |
8 | Ақшоқы | Ақшоқы ауылы, Ә.Найманбайұлы көш.№ 78 | 25 | 10 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Арайгүл" азық-түлік дүкені |
9 | Қабанбай | Қабанбай ауылы, Чыбынтаев көш. № 3 | 15 | 5 | Картоп, көкөніс, бақша өнімдерін сату | "Мерей", "Нұр" дүкені |
10 | Алакөл көлінің жағалауы | Құтқару станциясының қатары | 200 000 | тұрақты | Азық-түлік өнімдерін сату | "Қожақұл" демалыс үйлері және ТЖБ |
