Үлкенбөкен ауылдық округінің Ақтас, Жансары ауылдарының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы", 2015 жылғы 12 кыркүйектегі Абай облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы және Ақтас, Жансары ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІ:

      1. Үлкенбөкен ауылдық округіне қарасты Ақтас және Жансары ауылдарының көшелерінің атауы өзгертілсін:

      Ақтас ауылындағы: №1 көшесі "Жуалы"көшесі;

      Жансары ауылындағы : №1 көшесі "Ахмет Байтұрсынов" көшесі деп атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Жотабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады