"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын:
1) "Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 28 тамыздағы № 7-4-VIII шешімі;
2) Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 7-4-VIII "Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 27-8-VIII шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | |
| С. Урашева |