Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кәсіпшілік күш-жігер нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 280 бұйрығына қосымша

Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері

Су айдыны

Саны*

қойылмалы аулардың

аулардың (тастама аулардың және/немесе қойылмалы)

қабадалардың

балықшылардың

кемелердің

қайықтардың

Жайық өзені **

-

32

-

320

32

96

Қиғаш өзені **

-

28

-

280

28

84

Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі

3525

-

8225

591

20

197

Каспий теңізі Маңғыстау облысы жағалауында***

9504

61

609

821

61

411

Жайсан көлі

2778

42****

-

817

84

283

Бұқтырма су қоймасы

2925

11

-

528

11

231

Шүлбі су қоймасы

848

10

-

182

-

71

Өскемен су қоймасы

146

-

-

22

-

11

Шардара су қоймасы

892

22

-

266

22

89

Кіші Арал теңізі

4500

10

-

960

10

460

Сырдария өзені

80

4

-

64

4

24

Алакөл көлі

450

5

-

115

5

50

Сасықкөл көлі

580

5

-

141

5

63

Қошқаркөл көлі

90

1

-

23

1

10

Балқаш көлі

3600

54

-

684

108

180

Қапшағай су қоймасы

1 (бір) балықшыға 15

1 (бір) учаскеге 10

-

1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2

1 (бір) учаскеге 10

1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2

Нұра өзені

1 (бір) балықшыға
15

1 (бір) учаскеге
10

-

1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына*****
2

-

1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына*****
2

Қаныш Сатпаев атындағы канал

475

2

-

110

-

48

      Ескертпелер:

      * Қапшағай су қоймасын есепке алмағанда, кәсіпшілік балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған пропорционалды бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.

      Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Нкн = Нбекіт x квота/лимит,

      мұндағы:

      Нкн – балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш-жігер нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік);

      Нбекіт – су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативі (бірлік);

      квота – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна);

      лимит – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна);

      ** Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігер нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмай);

      *** Маңғыстау облысының жағалауындағы Каспий теңізі үшін "лимит" көрсеткіші майшабақтарды өндіру үшін көзделген көлемдерді есепке алмай, осы акваторияның бекітілген учаскелерінде кәсіпшілік аулауды жүзеге асыратын пайдаланушылар квоталары мен бекітілген учаскелерден тыс теңіздің ашық бөлігінде өндіруді жүргізетін пайдаланушылар квоталарының сомасы ретінде айқындалады;

      **** тек тастама ауларды қолдану;

      *****балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес учаскенің жаға бойынша ұзындығы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады