Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы № 267 бұйрығымен бекітілген |
Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 80-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістеме Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу кезінде қолданылады.
3. Осы Әдістеме шеңберіндегі шығындар Кодекс нормаларының талаптары негізінде, оның ішінде елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесі (бұдан әрі – ӨСЖ) негізінде Кодекстің 70-бабының 3-тармағына сәйкес жоспарланады.
Бұл ретте, ӨСЖ шеңберіндегі ең төмен параметрлер деңгейін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган елді мекендер үшін ӨСЖ шеңберінде мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендердің типіне (қаласына, ауылына) және елді мекендердің мөлшеріне (халық санына) байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) ең төмен міндетті деңгейімен қамтамасыз етілуіне жыл сайынғы мониторинг жүргізу арқылы айқындайды.
4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дамытуға арналған шығындар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған шығындар;
2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілерді құруға (салуға) не жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар жиынтығы.
БИЖ мал қорымдарын, ветеринариялық пункттерді, стационарлық инсинераторларды, сою пункттерін және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерін іске асыру үшін қажетті басқа да ветеринариялық объектілерді салу, реконструкциялау бойынша шығыстарға жоспарланады;
3) күрделі шығындар – бюджеттік инвестициялардан басқа, материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға не нығайтуға, күрделі (қалпына келтіру) жөндеуді жүргізуге бағытталған шығындар және шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес өзге де күрделі шығындар.
2-тарау. Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін айқындау
5. Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамыту шығындары мен болжамды көлемін есептеу облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстарын қаржыландыру көлемін айқындау үшін жүргізіледі, олар "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобы шеңберінде ветеринариялық объектілерді жабдықтау мен дамытуға бағытталған.
6. Жекелеген жергілікті бюджет үшін ветеринария саласындағы объектілерді жарақтандыру мақсатындағы күрделі шығындарды есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ЕКШветі = МТЖ/3+ Қкж+ЖСҚкж,
мұндағы:
ЕКШветі – i-ші облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ветеринария саласындағы объектілерді жарақтандыру мақсаттары үшін тиісті жоспарлы қаржы жылына есептік күрделі шығындары;
МТЖ – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың басындағы бірінші кезектегі материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қажеттілік. Бұл ретте, МТЖ әрбір облыстың, қаланың нақты қолда бар-жоғы және қажеттілігі туралы деректерге сүйене отырып есептеледі (яғни өңірлер мен инфрақұрылымдық объектілермен қамтамасыз ету деңгейі арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып), осылайша МТЖ шығындарды жоспарлаудың әрбір жаңа кезеңінде 100% жарақтандыру көрсеткішіне ұмтылады, ӨСЖ шеңберінде белгіленген ең төменгі параметрлерден кем емес қажеттілікті жабуды қамтамасыз етеді);
3 – үш жылдық кезең;
Қкж – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалатын тиісті жоспарлы қаржы жылына арналған объектілерді күрделі жөндеудің құны;
ЖСҚкж – күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған құн.
7. Ветеринария саласындағы объектілерді жарақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың дамытуға арналған шығындары мынадай формула бойынша есептеледі:
ДШвет = БИЖ₁ + БИЖ₂ …+ ЖСҚбиж,
мұндағы:
ДШвет –ветеринария саласындағы объектілерді жарақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың дамытуға арналған шығындары;
әрбір БИЖ₁, БИЖ₂ – бұл дербес жоба, мысалы: БИЖ₁ (құрылыс) – жаңа ветеринария объектілерін салу (ветпункттер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), қоймалар, карантиндік аймақтар, биопрепараттар қоймаларын салу және басқалар; БИЖ₂ (қайта құру) - қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау және жаңғырту;
ЖСҚбиж – БИЖ шығыстарына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шығыстар.
Әрбір БИЖ-нің есептік құны осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес айқындалады, бұл ретте дамытуға арналған шығындар әрбір облыстың, қаланың нақты бар-жоғы және қажеттілігі туралы деректерге сүйене отырып есептеледі (яғни өңірлер мен инфрақұрылымдық объектілермен қамтамасыз ету деңгейі арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып), осылайша шығындарды жоспарлаудың әрбір жаңа кезеңімен ӨСЖ шеңберінде белгіленген ең төменгі параметрлерден кем емес қажеттілікті жабуды қамтамасыз ете отырып, қамтамасыз ету деңгейі 100% жарақтандыру көрсеткішіне ұмтылады .
8. Есептеулерге жоспарланатын шығыстарды сипаттайтын егжей-тегжейлі түсіндірме жазба, сондай-ақ осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жиынтық есеп қоса беріледі.
9. Есептік деректер уәкілетті лауазымды адамдардың қолдарымен куәландырылады, сондай-ақ Әкімнің бірінші орынбасарынан немесе жетекшілік ететін орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның қолымен және мөр бедерімен бекітіледі.
3-тарау. Ұсыну, келісу мерзімдері және жауапты тұлғалар
10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті саласының (аясының) жергілікті уәкілетті органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдері бойынша ұсыныстар қалыптастырады және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның қарауына енгізеді.
Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесіне 1-қосымша Нысан |
Жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың басындағы бірінші кезектегі материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қажеттілік
№ | МТЖ түрлері | Норма бойынша болуы керек, бірлік | Қолда бары, бірлік | Ағымдағы жылы есептен шығарылуға тиіс, бірлік | Қажет МТЖ бірлік | 1 бірліктің құны, мың теңге* | Қаржыландыру қажет, мың теңге |
ӨСЖ |
Болжамдарды жарақтанды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Ветеринарлық станциялар | ||||||||
2 | Ветеринариялық пункттер | ||||||||
3 | Мал қорымдары | ||||||||
Жиыны | |||||||||
Барлығы 1- жоспарлы жылға | |||||||||
Барлығы 2- жоспарлы жылға | |||||||||
Барлығы 3- жоспарлы жылға |
Ескерту:
* – Негізгі құралдарға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде есептеуге негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша отандық маркетплейстерден бағалар туралы кемінде 3 (үш) ұсыныс қоса беріледі.
Сонымен қатар, негізгі құралдарды сатып алуға арналған есеп айырысуларға олардың нақты бар-жоғы туралы ақпаратты (теңгерімде тұрған, сатып алынған жылы мен тозу мерзімі көрсетілген) және үш жылдық кезеңге арналған жоспарды ұсыну қажет. Маркетплейсте ақпарат болмаған жағдайда кемінде 3 (үш) прайс-парақ ұсынылады.
Бұл ретте тауардың бір бірлігінің құнын есептеу кезінде ең төмен баға танылады.
Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Тиісті жоспарлы қаржы жылына арналған объектілерді күрделі жөндеудің құны
№ | Бөлімшелердің (объектінің) атауы | Заңды мекенжайы | Салынған жылы | Ғимараттың жалпы ауданы ш. м. | Қабаттылығы | Соңғы үш жылда күрделі жөндеуге бөлінген қаражат туралы мәліметтер | |||||
________ жыл | ________ жыл | ________ жыл | |||||||||
сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1. | … | ||||||||||
2. | … | ||||||||||
Барлығы |
Кестенің жалғасы
1-ші жоспарланған жыл | 2-ші жоспарланған жыл | 3-ші жоспарланған жыл | ЖСҚ ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысының нөмірі және күні | |||
сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | сомасы, мың теңге | жұмыс түрлері | |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Әрбір бюджеттік инвестициялық жобаның есептік құны
№ | БИЖ бағыты | БИЖ атауы | Норма бойынша Саны | Бар-жоғы | Қажеттілік | 1-ші жоспарланған жыл | 2-ші жоспарланған жыл | 3-ші жоспарланған жыл | ЖСҚ ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысының нөмірі және күні | ӨСЖ бойынша жарақтандыру деңгейі, % | Жарақтандыру деңгейі, % (болжам) | |||
Саны | сомасы, мың теңге | Саны | сомасы, мың теңге | Саны | сомасы, мың теңге | |||||||||
1. | Құрылыс | |||||||||||||
2. | Қайта құру | |||||||||||||
3. | Ақпараттандыру | |||||||||||||
4. | Өзге |
Жиынтық есеп
Атауы | Барлығы | Жоспарлы кезеңге арналған жоспар | ||
1-ші жоспарланған жыл | 2-ші жоспарланған жыл | 3-ші жоспарланған жыл | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Барлық шығындар (мың теңге) | ||||
оның ішінде түрлері бойынша: | ||||
Күрделі шығындар | ||||
Дамытуға арналған шығындар |