Қызмет бабында ауысу және ұсыну кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы қаржылық мониторинг органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 29 тамыздағы № 283-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңының 63-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген қызмет бабында ауысу және ұсыну кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы қаржылық мониторинг органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
Төрағасының
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 283-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Қызмет бабында ауысу және ұсыну кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы қаржылық мониторинг органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Аппарат басшысы.

      2. Агенттіктің Департамент басшысы.

      3. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.

      4. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады