"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2025 жылғы 14 тамыздағы № 804 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармағының 71) және 72) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      71) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 71-қосымшаға сәйкес;

      72) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 72-қосымшасына сәйкес;

      1-тармағының 76) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      76) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 76-қосымшаға сәйкес.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықты Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Департаменттің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Ж. Дуйсембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады