БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Ә. Сатбаев көшесі, құрылыс № 33.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Д.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;
2) осы бұйрықты Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты Департаменттің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
Ж. Дүйсембиев |