Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 72 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2025 жылғы 19 қарашадағы № Б-73-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткен жерге орналастыру жобасы және заңды тұлғаның 2025 жылғы 24 қарашадағы № ЗТ-2025-04140732 санды өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданы мекенжайында орналасқан 2 КЛ-10 кВт электрлік желісін орнату және талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін алаңы 0,0333 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 26 қарашасына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
"Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 2292 (екі мың екі жүз тоқсан екі) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің "___"________ жылғы №____ қаулысының 1-қосымшасына сәйкес |
"Freedom Telecom Operations" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде | |
ауылшаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар | Елді мекен жерлері, гектар | |||
1. | 223300381136 | 0,5267 | 0,0105 | 0,0105 |
2. | 22330009796 | 0,1 | 0,0003 | 0,0003 |