"КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 5970 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін алаңы 0,0012 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 10 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 83 (сексен үш) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады