"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 5863 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2025 жылғы 10 қазандағы № Б-59-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткен жерге орналастыру жобасы, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 17 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:

      1) Шымкент қаласы, Қызыл жар шағын ауданы, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 1,3038 га.

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 89702 (сексен тоғыз мың жеті жүз екі) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      2) Шымкент қаласы, Нұртас шағын ауданы, Кеңжарық көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,0087 га.

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 599 (бес жүз тоқсан тоғыз) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3) Шымкент қаласы, Нұртас шағын ауданы, Хан тәңірі көшесі, нөмірсіз орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін алаңы 0,0965 га.

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 6640 (алты мың алты жүз қырық) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады