Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1551 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін:
1) 13-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өз құзыреті шегінде Шымкент қаласының аумағында экспортты жылжытуды индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"басқарма жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"ғылымды дамыту, Шымкент қаласында ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру.";
2) 15-тармақта:
7) тармақша алып тасталсын;
4), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бірыңғай индустрияландыру картасына жобаларды енгізуді ұйымдастырады;";
"17) "Бірыңғай кешенді бағдарлама" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырады;
18) мынадай мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:
- "Бірыңғай кешенді бағдарлама" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру;
- "Бірыңғай кешенді бағдарлама" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету;";
мынадай мазмұндағы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57) және 58) тармақшалармен толықтырылсын:
"46) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды береді;
47) ғылым мен ғылыми техникалық қызметтің дамуына жағдай жасайды;
48) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
49) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
50) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
51) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
52) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
53) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі кеңестерді құрады және оның жұмысын ұйымдастырады;
54) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;
55) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
56) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
57) қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
58) Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді.".
2. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__" _________ № ____ қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1551 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістердің мәтіні
"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін: