ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондықбақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Біржанов |
| Қазақстан Республикасы Қаржы минитрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 30 қазандағы № 650 |
Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 17-тармағына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра мен сыра сусынынан басқа), бензинді (авиациялықтан бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішті, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отын мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
2-тарау. Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібі
2. Акциздік бекеттің қызметін басқаруды және үйлестіруді акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша МКО басшылары жүзеге асырады.
3. Акциздік бекеттің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру МКО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4. Лауазымды адамдардың акциздік бекетте болу МКО басшысы бекіткен кезекшілік кестесіне және өндірушінің жұмыс кестесі сәйкес жүзеге асырылады.
Лауазымды адамның акциздік бекетте болу уақыты осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті уақыт негізінде айқындалады.
Акциздік бекетте болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекеттінде болу актісі немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі толтырылады.
5. Акциздік бекетте тұрған лауазымды адам:
1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;
2) акцизделетін тауарларды тек этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерін өндіру салаларында деректер операторлары арқылы бақылау есепке алу құралдарының деректерін автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етілетін қуат көздерімен жарақтандырылған аспап – есепке алудың бақылау аспабы арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын, сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
3) салық төлеушінің Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
6. Акциздік бекеттегі МКО-ның лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарайды, акцизделетін тауарларды сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын алу актісін толтырады;
2) акцизделетін тауарлардың өткізілуін бақылайды;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығатын (кіретін) жүк көлік құралдарын тексереді.
7. Акциздік бекетте тұрған лауазымды адам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және тұрған уақытында:
1) акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
2) спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
4) өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
5) алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
6) мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
7) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
8) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарын пломбалайды.
Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.
9. Жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған, ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі толтырылады, акт толтырылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей акцизделетін тауарларды өндіру жүзеге асырылатын орны бойынша жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірстер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) назарына жеткізеді.
МКО-ның лауазымды адамы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтаған жағдайда осы Қағидалардың 6 және 7-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы ұсыным хат береді.
10. Лауазымды адам акциздік бекетте болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ақпараттық жүйе арқылы Комитетке мына мәліметтерді:
акциздік бекет бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциз бекеті бойынша (толысылған шараптан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемдері туралы есепті;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті жолдайды.
11. Акциздік бекеттің лауазымды адамы күнсайын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады.
Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.
12. Акциздік бекеттердің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциздік бекетте болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі
1-кесте
№ | Күні | Бастапқы болу уақыты | Есепке алу бақылау аспабының (бұдан әрі - ЕБА) зауыттық нөмірі | ЕБА-ның жұмыс істеуі | Этил спиртінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші (декалитрде) | ||
Иә | Жоқ | Сулы | Сусыз | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші | Пломба қойылған орын | Қойылған пломбалар саны | Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі | |||
Желінің № | Алкоголь өнімінің түрі | Көлемі V (литр) | Бөтелкеде | |||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Пломбаның бар болуы | Дайын өнімдегі есепке алудың бақылау таңбасының бар болуы | Болу уақытының аяқталуы | Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Лауазымды адамның қолы | ||
Иә | Жоқ | Бар | Жоқ | |||
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі
2-кесте
№ | Күні | Бастапқы болу уақыты | ЕБА -ның зауыттық нөмірі | ЕБА -ның жұмыс істеуі | Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынының, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын өндірісі, өткізу (тиеп жөнелту) бойынша ЕБА мәліметі | Пломба қойылған орын | Қойылған пломбалар саны | |||
Иә | Жоқ | ЕБА (шығын өлшегіштер, деңгей өлшегіштер) | Мұнай өнімінің түрі | Тонна | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі | Пломбаның бар болуы | Болу уақытының аяқталуы | Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Лауазымды адамның қолы | |
Иә | Жоқ | ||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі
Мен (біз)_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)
_______________________________________________________________________
___________________________________________________________қатысуымен
(салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі), салық төлеуші өкілінің тегі,
аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (жеке
сәйкестендіру нөмірі) қатысуымен қалдығын алу жүргізілді.
№ | Акцизделетін тауарлардың түрі | Кезеңі (күні, уақыты) | Саны (декалитр, мың дана, тонна) | Ескерту (алкоголь өнімі үшін- декалитр, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин, дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна) | |
Басталды | Аяқталды | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Этил спирті | ||||
2 | Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімінен басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша | ||||
3 | Бензин (авиациалық бензиннен басқа) (оның ішінде түрлері бойынша) | ||||
4 | Дизель отыны | ||||
5 | Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын | ||||
6 | Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша | ||||
__________________________________________________________ _________
(Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________ _________
(Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы)
________________________________________________________ _________
(Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
_______________________________________________________ _________
(Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Пломбаларды қою және/немесе алу актісі
___________________ __________________
(жасалған күні, уақыты) (жасалған орны)
Мен біз)_____________________________________________________________
___________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) лауазымы)
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ қатысуымен
(салық төлеушінің атауы (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), пломба қою
немесе алу жүргіздім (жүргізілді).
__________________________________________________________________
(пломба қойылған орын)
___________________________________________________________________
(бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және қойылған пломбаның саны)
ломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады.
_________________________________________________________ _________
(Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________ _________
(Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.) (қолы)
_________________________________________________________ _________
(Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
_________________________________________________________ _________
(Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә) (қолы)
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша
№ | Өндіруші кәсіпорынның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі- БСН-і) | Өндіруші кәсіпорынның атауы | Күннің басындағы өнім қалдығы | Есепті кезеңде өндірілген этил спиртімен алкоголь өнімі | Спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші | ||||||
Түрі | Өнімнің атауы | Бөтелкеде (дана) (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) | Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) | Декалитр | Спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі | Сулы | Сусыз | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Кестенің жалғасы
Алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші | ||||||||
Құю желісінің нөмірі | Күннің басына | Күннің соңына | ||||||
V (литр) | Бөтелке | ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені | V-(литр) | Бөтелке | ЕБТ-ң техникалық көру құралымен тіркелгелгені | |||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | ||
Кестенің жалғасы | ||||||||
Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару | ||||||||
Кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) | Түрлері бойынша | Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) | Декалитр | Жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Жеткізуші заңды немесе жеке тұлғаның атауы | |||
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | |||
Кестенің жалғасы
Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару | Есептік кезеңде заңды немесе жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі |
| ||||
Түрі | Бөтелке данада (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) | Бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) | Декалитр | Алушының ЖСН/ БСН-і | Алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы | |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |
Орындаушы: ________________________________________________________
(Т.А.Ә., байланыс телефон)
"Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есебінің нысанына қосымша |
"Акциздік бекет бойынша этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (толысылған шараптан басқа) өндіру және өткізу көлемдері бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында өндіруші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында этил спирті мен алкоголь өнімінін өндіруші кәсіпорынның толық атауы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің түрі көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңде өндірілгені бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында есепті кезеңде өндірілген өнімнің көлемі декалитрде көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында бақылау спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында спиртті есеп алудың бақылау аспабының көрсеткіші – "сулы" көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында спиртті есепке алудың бақылау аспабының көрсеткіші – "сусыз" көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында құю желісінің нөмірі көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
15. Нысанның 15-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
16. Нысанның 16-бағанында ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің басындағы көрсеткіші көрсетіледі.
17. Нысанның 17-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші V (литр) көрсетіледі.
18. Нысанның 18-бағанында алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші бөтелкеде көрсетіледі.
19. Нысанның 19-бағанында ЕБТ-ның техникалық көру құралымен тіркелген алкоголь өнімін есепке алудың бақылау аспабының күннің соңындағы көрсеткіші көрсетіледі.
20. Нысанның 20-бағанында алкоголь өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.
21. Нысанның 21-бағанында басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару түрлері бойынша көрсетіледі.
22. Нысанның 22-бағанында басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтарылған бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.
23. Нысанның 23-бағанында басқа жақтан келген өнімнің немесе бұрын өткізілген өнімнің кері қайтарылған көлемі декалитрде көрсетіледі.
24. Нысанның 24-бағанында жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
25. Нысанның 25-бағанында жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
26. Нысанның 26-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі (толысылған шараптан басқа) жөнелтілген өнімнің түрі көрсетіледі.
27. Нысанның 27-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің саны (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
28. Нысанның 28-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген бөтелкенің сыйымдылығы (бөтелкеге құйылған алкоголь өнімі үшін) данада көрсетіледі.
29. Нысанның 29-бағанында есепті кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген көлемі декалитрде көрсетіледі.
30. Нысанның 30-бағанында алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
31. Нысанның 31-бағанында алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.
32. Нысанның 32-бағанында этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің (толысылған шараптан басқа) күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
нысан
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп 20__жылғы _______ жағдай бойынша
№ | Өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -БСН) | Өндіруші кәсіпорынның атауы | Мұнай өнімінің түрі | Дара сәйкестендіру коды | Тиеп жөнелтілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отын, газохол, бензанол, мұнай еріткіші,жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын (тоннада) | Операция коды | Ілеспе жүкқұжатының күні | Ілеспе жүкқұ жатының нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Алушының БСН-і | Алушы кәсіпорынның атауы | Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды жеткізу мекенжайы | Тиеп жөнелту түрі (темір жол, автокөлік, құбыр желісі арқылы) |
10 | 11 | 12 | 13 |
Орындаушы: ____________________________________________________________
(Т.А.Ә.,байланыс телефоны)
"Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өткізу (тиеп жөнелту) көлемі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахолдың, бензанолдың, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсутектер қоспаларының, экологиялық отынның түрі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында дара сәйкестендіру коды көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында тиеп жөнелтілетін мұнай өнімінің көлемі (тоннада) көрсетіледі
7. Нысанның 7-бағанында операцияның коды көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газахол, бензанол, мұнай еріткішінің, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отынды жеткізу мекен-жайы көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында тиеп жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
нысан
Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есеп
20__жылғы _______ жағдай бойынша
Мың дана
№ | Өндірілген темекі өнімдері | Темекі өнімдерінің импорты | Темекі өнімдерін өткізу | |||
Барлығы | Отандық өндіріс | Импорт өндірісі | Экспортқа | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Орындаушы: ________________________________________________________
(Т.А.Ә., байланыс телефоны)
"Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы есебінің нысанына қосымша |
"Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемі туралы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында өткізілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында өткізілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында өткізілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында экспортқа өткізілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.
| Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Акцизделетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы
| Күні | Салық төлеушінің атауы | Салық төлеушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі | Акцизделетін өнімдердің өндірісі және өткізуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - декалитр, темекі өнімі үшін – мың дана, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектердің қоспалары, экологиялық отын үшін – тонна) | Акциз делетін өнімді өндірушінің жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы | Мемлекеттік кірістер органының лауазымды қыз меткерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы | |||||
Күннің басындағы қалдық | Бір күнде өнді ілгені | Өндір іске жібер ілгені | Өндірістік шығындар | Бір, күнде өткіз ілгені | Күн соңындағы қалдық | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
