ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 30 тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі |
|
| 2025 жылғы 24 қазандағы № 625 Бұйрыққа 1-қосымша |
Кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 30 тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну тәртібін айқындайды.
2 тарау. Кредиттік бюромен активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеті туындаған жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырады.
3. Комитет осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Комитеттің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесі арқылы кредиттік бюроға жеке тұлғалар (жеке сәйкестендіру нөмірі) туралы мәліметтерді автоматтандырылған тәртіппен жібереді.
4. Кредиттік бюро Комитеттен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді (Жеке сәйкестендіру нөмірі) алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комитетке автоматтандырылған тәртіппен Комитеттің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесі арқылы:
осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі бойынша;
осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың берешегі бойынша мәліметтерді жібереді.
5. Комитет пен кредиттік бюро осы Қағидалар шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Комитет және кредиттік бюролар осы Ережеде көзделген мәліметтерді. алған кезде Қазақстан Республикасының салық және банк құпиясын құрайтын және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етпеу, оның жария етілуіне жол бермеу туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі |
|
| 2025 жылғы 24 қазандағы № 625 Бұйрыққа 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin.
Әкімшілік нысанның атауы: Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1 – СЗФЛКО
Кезеңділік: жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: кредиттік бюро.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде.
Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері
теңге
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | Коллекторлық ұйым алдындағы бастапқы берешек сомасы (әр ұйым бойынша бөлек толтырылады) | Ұйымның атауы |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Қарыз шартының жасалған күні | Қарыз шартының нөмірі | Коллекторлық ұйым алдындағы қалған берешек сомасы (кредиттік есептегі күн бойынша) |
Кредиттік есептің жасалған күні |
6 | 7 | 8 | 9 |
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер" деген нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.
Атауы _________________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы___________________________________________
Орындаушы ___________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (1 – СЗФЛКО, жыл сайын)
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер" нысаны (бұдан әрі -Нысан) келесідей толтырылады:
1) Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі – ЖСН);
3) Нысанның 3-бағанында коллекторлық ұйым алдындағы бастапқы берешек сомасы (әр ұйым бойынша бөлек толтырылады) көрсетіледі;
4) Нысанның 4-бағанында коллекторлық ұйымның атауы көрсетіледі;
5) Нысанның 5-бағанында коллекторлық ұйымның Бизнес- сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
6) Нысанның 6-бағанында қарыз шартының жасалған күні көрсетіледі;
7) Нысанның 7-бағанында қарыз шартының нөмірі көрсетіледі;
8) Нысанның 8-бағанында коллекторлық ұйым алдындағы қалған берешек сомасы (кредиттік есептегі күн бойынша) көрсетіледі;
9) Нысанның 8-бағанында кредиттік есептің жасалған күні (салықтық кезеңнің неғұрлым кеш күні бойынша) көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 24 қазандағы № 625 Бұйрыққа 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin.
Әкімшілік нысанның атауы: Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1 – СЗФЛКО.
Кезеңділік: жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: кредиттік бюро.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде.
Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері
теңге
№ | Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі | Микроқаржы ұйым алдындағы бастапқы берешек сомасы (әр ұйым бойынша бөлек толтырылады) | Ұйымның атауы |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Қарыз шартының жасалған күні | Қарыз шартының нөмірі | Микроқаржы ұйым алдындағы қалған берешек сомасы (кредиттік есептегі күн бойынша) |
Кредиттік есептің жасалған күні |
6 | 7 | 8 | 9 |
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер" деген нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.
Атауы __________________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________________
Орындаушы ____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (1 – СЗФЛКО, жыл сайын)
"Активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті туындаған жеке тұлғалардың микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтері" нысаны (бұдан әрі -Нысан) келесідей толтырылады:
1) Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
2) Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі – ЖСН);
3) Нысанның 3-бағанында микроқаржы ұйым алдындағы бастапқы берешек сомасы (әр ұйым бойынша бөлек толтырылады) көрсетіледі;
4) Нысанның 4-бағанында микроқаржы ұйымның атауы көрсетіледі;
5) Нысанның 5-бағанында микроқаржы ұйымның Бизнес- сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
6) Нысанның 6-бағанында қарыз шартының жасалған күні көрсетіледі;
7) Нысанның 7-бағанында қарыз шартының нөмірі көрсетіледі;
8) Нысанның 8-бағанында микроқаржы ұйым алдындағы қалған берешек сомасы (кредиттік есептегі күн бойынша) көрсетіледі;
9) Нысанның 8-бағанында кредиттік есептің жасалған күні (салықтық кезеңнің неғұрлым кеш күні бойынша) көрсетіледі.
