"Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 258 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 46 бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 557 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 22 қазандағы № 227 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 258 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 46 бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________М. Такиев
      Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарлау және
реформалары агенттігінің Ұлттық статистика
бюросының басшысы
________________М. Тұрлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады