Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 254 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 6-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 254 бұйрығымен
бекітілген

Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Стандарттар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік жоспарлаудың, бюджет процесінің, бухгалтерлік есептің және қаржылық есептіліктің ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Стандарттарда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      әлеуметтік-экономикалық даму (бұдан әрі – ӘЭД) – кеңейтілген ұдайы өндіру, экономикадағы, өндірістік күштердегі, өсу мен даму факторларындағы, ғылымдағы, білімдегі, мәдениеттегі, қоғамның, адами капиталдың сапасы мен өмір сүру деңгейіндегі біртіндеп құрылымдық және сапалық өзгерістер;

      бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БЕ АЖ) – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі функцияларды автоматтандыруға арналған бағдарламалық өнім;

      бухгалтерлік операциялар деректерінің бірыңғай қоймасы (бұдан әрі – БО ДБҚ) – бұл басқарушылық шешімдер қабылдау үшін есептілікті, талдауды құруды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік операцияларының орталықтандырылған дерекқоры;

      бұлтты технологиялар – ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі шеңберінде қызметті жүзеге асыру мақсатында Интернет арқылы желілік қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технология;

      бірыңғай бюджеттік сыныптама (бұдан әрі – ББК) – сыныптама объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып, бюджет түсімдері мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады;

      бюджетаралық қатынастар – мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді нақты ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды ашық бөлуге негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы қатынастар;

      бюджет комиссиясы – бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және бюджетті жоспарлау мен атқару бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

      бюджет процесін цифрландыру - бюджет процесінің барлық кезеңдерін жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды енгізу;

      бюджет процесі – бюджет процесіне қатысушылардың бюджетті болжау, жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, секвестрлеу және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мониторинг және нәтижелерді бағалау кезеңдеріндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында регламенттелген қызметі;

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      бюджеттік жоспарлау саласындағы ақпараттық жүйелер (бұдан әрі – БЖЖ) – әртүрлі деңгейлерде бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және бақылау процестерін автоматтандыруға көмектесетін мамандандырылған бағдарламалық кешендер;

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) – мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін кешенді автоматтандыруға (бизнес-процестерге) арналған ақпараттық жүйе;

      "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е–қызмет" АЖ) – мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық ақпаратты онлайн режимінде алуға, кадр қызметтерінің жұмысын жетілдіруге арналған жүйе;

      "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МД АЖ) – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында ақпаратты автоматтандырылған жинауға, сақтауға және өңдеуге, жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға және олар туралы өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге өзекті және анық мәліметтер беруге арналған ақпараттық жүйе;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ АЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері;

      "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Қазынашылық-клиент" АЖ) - мемлекеттік мекемелермен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен, уәкілетті мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және мемлекеттік сатып алу субъектілерімен мемлекеттік қазынашылықтың және аумақтық мемлекеттік қазынашылық органдарының функцияларын автоматтандыруға арналған, құжаттарды қабылдау, өңдеу және есептілікті қалыптастыру процесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      мемлекеттік жоспарлаудың (бюджеттік жоспарлаудың) ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖАЖ (БЖ)) - стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды өзара байланыстыруды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау және түзету жөніндегі қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      мемлекеттік инвестициялық жобаларды сәйкестендіруші (бұдан әрі – МИЖ сәйкестендірушісі) – мемлекеттік жоспарлаудың (бюджеттік жоспарлаудың) ақпараттық жүйесінде әрбір инвестициялық жоба үшін автоматты түрде жасалатын цифрлық код;

      орталықтандырылған қолжетімділік – байланыс арналары арқылы қашықтағы автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдаланушыларға нақты уақыт режимінде есептік ақпараттық жүйенің бірыңғай дерекқорына қол жеткізу;

      өңірлік стандарттар жүйесі (бұдан әрі – ӨСЖ) – халықтың, қалалық және ауылдық елді мекендердің өмір сүру сапасын сипаттайтын объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз ету жөніндегі өлшемшарттар мен талаптардың (ең төменгі шарттардың) жиынтығы;

      тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры– веб-порталдың бөлігі болып табылатын, баға ақпаратын автоматтандырылған жинау және талдау мүмкіндігін беретін, бұл инфляция мен медианалық бағаны қоса алғанда, экономикалық факторларды ескере отырып, тауарларға жоспарлы бағаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін, бюджетті жоспарлаудың дәлдігі мен негізділігін арттыратын ақпараттық кіші жүйе;

      тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ТЖҚЖC) – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жіктеу мен кодтауда біріздендіруддің бірыңғай жүйесін қамтамасыз етуге арналған сыныптауыш;

      "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰБДҚ АЖ) – білім беру саласындағы бастапқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      шығысты сәйкестендіруші – бюджеттік сұрау салу шығысының әрбір бабы үшін автоматты түрде жасалатын, бюджет процесі жүзеге асырылатын барлық ақпараттық жүйелерде мемлекеттік органдардың шығыстарын қадағалауды қамтамасыз ететін цифрлық код;

      ілеспе ұйым – мемлекеттік органның бюджеттік жоспарлау саласында әзірленген модульдермен жұмыс істеу бойынша ақпараттық жүйені пайдаланушыларды сүйемелдеуді және әкімшілендіруді, сондай-ақ оқытуды қамтамасыз ететін ұйым;

      ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – ішкі мемлекеттік аудит органдары) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын, ведомстволардың ішкі аудит қызметін қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органдар (құрылған кезде), штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының Ішкі аудит қызметтері;

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС АИАЖ) - мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      Ұлттық тауарлар каталогы (бұдан әрі – ҰТК) - тауарлар туралы деректердің ұлттық тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын және қызмет тауарларының анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті "Электрондық Үкіметтің" ақпараттандыру обьектісі;

      "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ)-электрондық шот-фактураларды жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе.

      3. Осы Стандарттардың ережелерін орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ жүйелерді әзірлеуді, енгізуді және пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар және осы жүйелерді пайдаланатын басқа да пайдаланушылар қолданады.

2-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйелеріне арналған стандарттар

1-бөлім. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар

      4. БЖЖ Бюджет кодексіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік сұрау салуды жасау, ұсыну және қарау тәртібіне және бюджетті қалыптастыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес іске асырылады.

      5. БЖЖ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) сәйкес іске асырылады.

      6. Модульдерді/компоненттерді әзірлеу/дамыту кезеңінде БЖЖ ақпаратының қауіпсіздігі мен қорғалуына қойылатын талаптар қолданыстағы Бірыңғай талаптармен айқындалады.

      7. БЖЖ бюджет процесін цифрландыру шеңберінде мынадай бизнес-процестерді автоматтандырады және енгізеді:

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар айқындайтын әдістемеге сәйкес шығыс сәйкестендіргішін кейіннен генерациялай отырып, ТЖҚЖС, ҰТК мен тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын (тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде) міндетті түрде қолдана отырып, бюджеттік сұрау салуларды қалыптастыру;

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын орталықтандырылған жүргізу және бекіту;

      жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен трансферт бөлуге өтінімдер беру және кейіннен БЖЖ-ға бекітілген трансферттер сомаларын алу жолымен бюджетаралық қатынас;

      жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыру жоспарларын және "Қазынашылық - клиент" АЖ-да бекіту үшін өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды беру, БЖЖ-дан тиісті статустарда алу;

      МИЖ идентификаторын бере отырып бюджеттің барлық деңгейлерінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүргізу және бекіту және ол бойынша БЖЖ бюджеттік сұрауына енгізу үшін жоба бойынша қажетті деректерді алу;

      ауылдық елді мекендердің ӘЕД-ін орталықтандырылған енгізу және мониторингтеу және ӨСЖ сәйкес елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі;

      бюджеттің барлық деңгейлерінде ББК кодын ашуға/жабуға өтінімдер беру, оны кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітіп және тиісті бұйрық қалыптастыру.

      8. БЖЖ бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік мекемелердің қызметіне ақпараттық қолдау көрсетуді және бюджеттік жоспарлау саласындағы міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.

      9. Ілеспе ұйым бюджет процесін цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді.

      10. Ілеспе ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында бюджеттік сұрау салудың бекітілген деректерін беру бойынша "е-Қаржымині" ИААЖ-мен кейіннен интеграциялау;

      алдын алу жұмыстары мен "суық көшіру" рәсімдерін жүргізу уақытынан басқа (аптасына бір рет сенбіден жексенбіге дейін, 4 сағаттан аспайтын) БЖЖ-ның нақты уақыт режимінде (24х7) қолжетімділігі және үздіксіз жұмыс істеуі;

      апаттардың алдын алу және оқиғаларға уақтылы жауап беру үшін барлық БЖЖ модульдерін бақылау, басқару және сүйемелдеу.

      11. БЖЖ пайдаланушылары бюджетаралық қатынастардың қатысушылары болып табылады.

      12. Дұрыс жиынтық деректерді қалыптастыру мақсатында БЖЖ пайдаланушылары бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде сенімді деректердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

      13. БЖЖ пайдаланушылары бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтердің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.

      2-бөлім. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуіне қойылатын талаптар

      14. БЖЖ жұмыс істеуі қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді құрудың негізгі қағидаттарыне сәйкес келеді:

      қажетті деректерді жылдам іздеуді қамтамасыз ету;

      БЖЖ-ға оның жұмысын бұзбай жаңа функцияларды қосу мүмкіндігі;

      деректердің сақтық көшірмесін жасау және сақтаудың міндетті болуы;

      пайдаланушылардың құқықтарына сәйкес ақпаратқа қол жеткізуді саралау тетіктерін қамтамасыз ету есебінен рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау;

      пайдаланушы топтарының деректерді енгізу және түзету формаларына, сондай-ақ қызмет көрсету және конфигурация формаларына қол жетімділігін шектеу мүмкіндігі;

      өз құзыреті шеңберінде пайдаланушыларды авторизациялауды қамтамасыз ету;

      проблемаларды шешу басымдығына (тұрақты туындайтын проблемаларды бекіту және талдау) сүйене отырып, проблемаларды жою және міндеттерді шешу мерзімдеріне, орындалу барысы туралы хабарламаларға ден қою мүмкіндігін белгілеу;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін БЖЖ-ға бюджет процесінің ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      БЖЖ-да шығыстар лимитінен асып кетуді, тауарға ұсынылатын бағадан асып кетуді, енгізілген деректердің дұрыс еместігін және басқа қателіктерді көздейтін пайдаланушылардың қателіктерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін форматты-қисынды бақылау элементтерінің болуы;

      пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, енгізілген өзгерістер күнін көрсете отырып, деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде пайдаланушының ББЖ-да әрекеттерін тіркеудің болуы.

      15. Ілеспе ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) ББЖ жүйесінің қауіпсіздігі мен қорғауы;

      2) пайдалану құжаттамасына өзгерістер енгізуді қоса алғанда, БЖЖ-ға жедел өзгерістер енгізу (түзету, модификациялау);

      3) БЖЖ жұмысының мониторингі;

      4) БЖЖ пайдаланушыларына пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды орналастыру, оқыту және консультациялық көмек көрсету;

      5) БЖЖ пайдаланушылары үшін өкілеттік деңгейлерін тұрақты өзектендіру;

      6) БЖЖ пайдаланушыларын тоқсан сайын оқытуды жүргізу, бұл ретте пайдаланушы БЖЖ функционалын оқытпаған жағдайда БЖЖ-ға қол жеткізуден бас тарту;

      7) БЖЖ пайдаланушыларымен ондағы проблемалар мен қателерді еңсеру және шешу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      8) деректерді автоматты түрде салыстыру механизмі;

      9) міндетті болып табылатын басқа ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық өнімдермен интеграциялау мүмкіндігі:

      Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, сондай-ақ бюджетті жоспарлау үшін қажетті орталықтандырылған анықтамалықтарды алу бөлігінде "е-Қаржымині" ИААЖ-бен интеграциялау;

      кейіннен мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру үшін шығыстардың сәйкестендіргіштері бөлінісінде бекітілген бюджетті беру бөлігінде ЭМС АИАЖ мен интеграциялау;

      жеке қаржыландыру жоспарларын және "Қазынашылық - клиент" АЖ-да бекіту үшін өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды беру бөлігінде МЖАЖ (БЖ)-мен интеграциялау;

      10) кез келген басқа жүйелермен кіріктіру және өзара іс-қимыл жасасу мүмкіндігі.

      3-бөлім. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар

      16. БЖЖ-ға қол жеткізу кезінде БЖЖ пайдаланушылары мынадай біліктіліктерге ие болады:

      графикалық интерфейсі бар дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары (пернетақта, тінтуір, терезелер мен қосымшаларды басқару, файлдық жүйе);

      интернет ортасында стандартты клиенттік бағдарламаны (интернет шолғышын) пайдалану дағдылары (типтік конфигурацияларды орнату, қосылымдарды орнату, веб-сайттарға кіру, навигация, пішіндер және басқа да типтік интерактивті элементтер);

      стандартты электрондық пошта бағдарламасын пайдалану дағдылары (бар жәшікке қосылу үшін есептік жазбаны орнату, электрондық поштаны құру, жіберу және алу);

      кеңсені автоматтандыру құралдарымен жұмыс істеу дағдылары (мәтіндік процессор, электрондық кестелер);

      БЖЖ-дағы деректерді енгізу-шығару интерфейсін, деректерді енгізу, өңдеу және бақылау қағидаттарын білу;

      бақылау рәсімдерін өңдеу және автоматтандырылған орындау бойынша БЖЖ интерфейсін білу;

      ақпараттық қауіпсіздік негіздерін білу.

      17. БЖЖ пайдаланушылары тиісті нормативтік құқықтық актілер негізінде мынадай бизнес-процестер бойынша МЖАЖ (БЖ)-ға деректерді міндетті түрде енгізуді қамтамасыз етеді:

      мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын жүргізу және бекіту;

      республикалық бюджеттен трансферт бөлуге және кейіннен БЖЖ-ға бекітілген трансферттер сомаларын алуға жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерін беру;

      жеке қаржыландыру жоспарларын және "Қазынашылық - клиент" АЖ-да бекіту үшін өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды беру және тиісті статустарды алу ;

      бюджеттің барлық деңгейлерінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүргізу және бекіту және БЖЖ бюджеттік сұрауына енгізу үшін жоба бойынша барлық қажетті деректерді алу;

      ауылдық елді мекендердің ӘЭД енгізу және мониторингі және ӨСЖ сәйкес елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі;

      бюджеттің барлық деңгейлерінде ББК кодын ашуға/жабуға өтінімдер беру.

      18. Бюджеттік сұраныстарды қалыптастыру кезінде БЖЖ пайдаланушылары тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлау үшін ТЖҚЖС, ҰТК және тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын қолданады.

3-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің ақпараттық жүйелеріне арналған стандарттар

1-бөлім. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптар

      19. БЕ АЖ дамыту Бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік процесс саласындағы интегратордың және ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметкерлеріне БЕ АЖ-ға қолжетімділік бұлтты технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етіледі.

      21. БЕ АЖ оған орталықтандырылған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынған серверлік инфрақұрылымда орналастырылады.

      22. Бюджет кодексіне сәйкес қаржыландырудың ерекше тәртібі айқындалған мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес, өздерінің есептік ақпараттық жүйесінен дербес деректерді қорғау шараларын сақтай отырып, интеграциялық сервистер арқылы бухгалтерлік операциялар бойынша БО ДБҚ-ға деректерді беру үшін автоматты баптауды қамтамасыз етеді.

      23. БЕ АЖ келесі ақпаратты міндетті түрде тіркей отырып, ағымдағы есепті кезеңде анықталған қателерді түзету бойынша барлық операцияларды автоматтандырылған тіркеуді қамтамасыз етеді:

      бухгалтерлік жазбаның бастапқы деректері;

      түзетілген (жаңа) жазбалар;

      бастапқы жазбаны жасау және өзгерістер енгізу күні мен уақыты;

      түзетуді орындаған идентификатор немесе пайдаланушының аты;

      түзетуге негіз немесе түсініктеме (бар болса).

      24. БЕ АЖ жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің құрылысына сәйкес келеді:

      заңдылық;

      Қазақстан Республикасының заңнамасындағы қолданыстағы өзгерістерге сәйкес жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дамыту (ашықтық);

      үйлесімділік, басқа жүйелермен өзара әрекеттесу;

      ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негізінде стандарттау (біріздендіру);

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      25. БЕ АЖ-ның барлық қажетті құжаттарды жылдам іздеуді қамтамасыз ететін функционалдылаққа ие.

      26. БЕ АЖ оның жұмыс қабілеттілігін бұзбай жаңа функцияларды қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      27. БЕ АЖ-дағы пайдаланушылардың іс-әрекеттері, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), операцияны орындау күні мен уақытын қоса алғанда, тіркеу журналында тіркеледі.

      28. Тауарларды есепке алу кезінде ақпаратты біріздендіру мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган пайдаланатын тиісті жалпы қабылданған анықтамалықтарға (сыныптауыштарға) қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      29. БЕ АЖ элементтерінің бағдарламасында ағымдағы айда бекітілген еңбекақы қорының жалақыны есептеу мүмкін еместігін бақылау үшін пайдаланушылардың қателіктерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін форматты-логикалық бақылаудың болуы, белгіленген мөлшерден аса жалақы бойынша аванс төлеуді бақылау, ұсталған салықтарды, жарналар мен аударымдарды шегергендегі қызметкерге тиесілі жалақыдан асатын жалақы бойынша төлемдерді аударуды бақылау қамтамасыз етіледі.

      33. БЕ АЖ қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін, оның ішінде жабық кезеңнің транзакциялары мен қалдықтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тыйым салуды белгілеу бөлігінде форматтық-логикалық бақылау элементтерінің болуымен қамтамасыз етіледі.

      31. БЕ АЖ ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында:

      Бюджет кодексінің 131 және 133-баптарына сәйкес қаржылық есептілікті және шоғырландырылған қаржылық есептілікті (БЕ АЖ-да тиісті деректер болған жағдайда) қалыптастыру;

      жүйеде қалыптастырылатын бухгалтерлік және қаржылық есептілікті интеграциялық сервис арқылы БО ДБҚ-ға беруді қамтамасыз етеді.

      32. БЕ АЖ-ның (көшірменің), деректер базасының немесе басқа сервистердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі үшін БЕ АЖ-дағы ықтимал іркілістер мен инциденттерден кейін БЕ АЖ деректерін, олардың файлдары мен параметрлерін резервтік көшіру және сақтау функциясы көзделеді.

      Ақпаратты резервтік көшірудің, сақтаудың, қалпына келтірудің тәртібі мен кезеңділігін, резервтік көшірмелерден БЕ АЖ жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді тестілеудің кезеңділігін БЕ АЖ ілеспе ұйымы айқындайды.

      33. БЕ АЖ қызметкердің еңбек шартының талаптарына өзгерістер енгізілген, оны орын ауыстырған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстан босатылған жағдайда пайдаланушылар үшін қолжетімділікті өшіру функциясына ие.

      34. Сүйемелдейтін ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) БЕ АЖ қауіпсіздігі және қорғалуы;

      2) пайдалану құжаттамасына өзгерістер енгізуді қоса алғанда, БЕ АЖ-ға жедел өзгерістер (түзету, модификациялау) енгізу;

      3) БЕ АЖ жұмыс істеуіне мониторинг жасау;

      4) БЕ АЖ пайдаланушыларына ақпараттық материалдарды орналастыру, оқыту және пайдалану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

      5) БЕ АЖ пайдаланушылары үшін өкілеттік деңгейлерін тұрақты өзектендіру;

      6) БЕ АЖ пайдаланушыларын тоқсан сайын оқыту, бұл ретте пайдаланушы БЕ АЖ функционалын оқымаған жағдайда БЕ АЖ-ға қолжетімділік беруден бас тарту;

      7) БЕ АЖ пайдаланушыларымен ондағы проблемалар мен қателерді меңгеру және шешу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      8) деректерді автоматты түрде салыстыру механизмі.

      2-бөлім. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйесінің интеграциялық функциялары мен технологиялық үйлесімділігіне қойылатын талаптар

      35. БЕ АЖ келесі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияны қамтамасыз етеді:

      1) ЭШФ АЖ жеткізушілер мен сатып алушылар арасында электрондық шот-фактураларды жіберуге және алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік кіріс органдарымен деректерді автоматты түрде алмасуға арналған жүйе;

      2) ЭМС АИАЖ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алу процесін автоматтандыруға арналған жүйе. Жеткізілген тауарлардың немесе қызметтердің келісімшарт талаптарына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді;

      3) ЖТ МД АЖ жеке тұлғалар туралы деректерді есепке алу мен мониторингтеудің автоматтандырылған процеске арналған жүйе;

      4) Білім беру саласындағы бастапқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру үшін ҰБДҚ АЖ білім беру ақпаратын тиімді басқаруға, статистикалық есептіліктің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;

      5) "Қазынашылық - клиент" АЖ арқылы "е-Қаржымині" ИААЖ төлемдер бойынша деректердің дәлдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жүйе;

      6) МЖАЖ (БЖ) мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын құру, жүргізу және басқару процесін автоматтандыруға арналған жүйе;

      7) ЕХӘҚМ АЖ еңбекақыны, сыйлықақыларды, салықтарды және әлеуметтік жарналарды дұрыс есептеу және аудару үшін азаматтық қызметшілердің деректерін есепке алу процестерін автоматтандыруға арналған жүйе;

      8) "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік дерекқоры" контрагенттердің/бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (БСН) деректерін автоматты түрде толтыру және мүліктің есепке алынғаны туралы есепті жүктеуге арналған жүйе.

      36. БЕ АЖ тиісті жабдықты қосу арқылы электрондық түгендеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады