Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттар тізімін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 17-55 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Р. Абилова

  Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 шілде № 17-55 шешіміне қосымша

Алатау қаласы бойынша тұрғын үй сертификатын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізімі

      1. Алатау қаласында тұрғын үй сертификаттарының сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй несиесін пайдалана отырып, тұрғын үйге меншік құқығын сатып алу үшін азаматтардың жекелеген санаттары үшін бастапқы жарнаның 50 %-ын құрайды, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайды.

      2. Алатау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылардың жекелеген санаттарына Алатау қаласының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көрсетілген азаматтардың санаттары, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады