Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай сегізінші көшені – Бауыржан Момышұлы көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шарын ауылдық округінің әкімі | Б.Алғазиев |
