Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Ақсу ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай, шығыстан бастысқа қарай бірінші көшені – Юнус Хамраев көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі | М.Абдикаров |