Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 18 қарашасындағы № 2 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Абай көшесі №2 көппәтерлі тұрғын үйде орын алған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А.Ж. Аскербеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Талғар ауданының әкімі | Т.Е. Айдарбеков |
