Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі Қошмамбет ауылындағы атауы қайталанған көшелерді қайта атау және атауы жоқ көшелерге атау беру

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округі Қошмамбет ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссия отырысының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қошмамбет ауылының атауы жоқ және атауы қайталанған көшелеріне қайта атау берілсін:

      1) Атауы жоқ және атауы қайталанған көшелердің атауын қайта атау:

      1. Қосағаш 1-ші көшесін – "Қосағаш" көшесіне,

      2. Қосағаш 2-ші көшесін – "Жайық" көшесіне,

      3. Қосағаш 3-ші көшесін – "Қайнар" көшесіне,

      4. Панфилов 2-ші көшесін – "Сарыарқа" көшесіне,

      5. Жамбыл 2-ші көшесін – "Жиделі" көшесіне,

      6. Жамбыл 3-ші көшесін – "Бурабай" көшесіне,

      7. Жамбыл 4-ші көшесін – "Жетісу" көшесіне,

      8. Дача Текелі 1-ші көшесін – "Үшқоңыр" көшесіне,

      9. Дача Текелі 2-ші көшесін – "Жидебай" көшесіне,

      10. Дача Текелі 3-ші көшесін – "Іле" көшесіне,

      11. Дача АКХ Дружба 1-ші көшесін – "Самал" көшесіне,

      12. Дача АКХ Дружба 2-ші көшесін – "Қаратау" көшесіне,

      13. Дача АКХ Дружба 3-ші көшесін – "Ақкент" көшесіне,

      14. Дача АКХ Дружба 4-ші көшесін – "Байкент" көшесіне өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Омербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады