Іле ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 52-172 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Іле ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Іле аудандық мәслихат төрағасы М.Карибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады