"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылының 8 Марта көшесі – Наурыз көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ. Серіковке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Оналбаев |
