Қаракемер ауылдық округінің Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылындардағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 11-07 шешімі

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық округіне қарасты Қаракемер ауылындағы: “Дачная” көшесі - “Сарыарқа” көшесі, “Шоссейная” көшесі - “Жібек жолы” көшесі; Сатай ауылындағы “Сатай батыр ” көшесі - “ Достық” көшесі; Талдыбұлақ ауылындағы “Байторы баба 1 ” көшесі - “Қайнар” көшесі, “Байторы баба 2” көшесі - “Жастар” көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаракемер ауылдық округі әкімінің у.м.а А.Әділхан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады