Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 381 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 67 бабы, 69 бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 0,12 гектар жер учаскесіне, байланыс желісін тарту үшін жобалау, құрылыс жүргізу және қызмет көрсету мақсатында жер учаскелерінің меншік иелерімен 15 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком"акционерлік қоғамы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Ертас

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады