Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және 2025 жылғы 23 маусымдағы №ЗТ-2025-02082619 "Холдинговая компания "АРСЕНАЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Холдинговая компания "АРСЕНАЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 30.8 гектар жер учаскесіне, Қосқұдық кен орнынан өндірістік алаңы АӨФ дейінгі технологиялық жолды салуға және пайдалануға жер учаскелерінің меншік иелерімен 15 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Холдинговая компания "АРСЕНАЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Ертас |
"Холдинговая компания "АРСЕНАЛ" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу бойынша жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ | Жер пайдаланушылар | Кадастрлік нөмірі | Меншік құқығы |
Жалпы | Сервитут белгілеу жер көлемі га. |
Жайылым |
Егістік |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Нурумбаев Серик Жолдасович | 03-045-116-587 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану | 1793,0 | 9,8 | 9,8 | |
2 | Бектембаев Руслан Алимханолвич | 03-045-116-583 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 498,7 | 6,5 | 6,5 | |
3 | Айдабулов Битан Азарбаевич | 03-045-116-025 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану | 268,0 | 3,2 | 3,2 | |
4 | Айдабулов Битан Азарбаевич | 03-045-116-517 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 160,0 | 1,9 | 1,9 | |
5 | Бектембаев Руслан Алимханолвич | 03-045-116-584 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 140,0 | 1,7 | 1,7 | |
6 | Букебаев Кулдария | 03-045-116-024 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 400,0 | 6,7 | 6,7 | |
7 | "Hyper Group" ЖШС | 03-045-053-514 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 861,0 | 1,0 | 1,0 | |
Барлығы | 30,8 |