"Orion Minerals" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 230 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2025 жылғы 10 ақпандағы №3128-EL Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде және 2025 жылғы 30 сәуірдегі №ЗТ-2025-01435513 "Orion Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Orion Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 313,69 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2031 жылдың 10 ақпанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Orion Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Ертас

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы _________ № _____
  қаулысына қосымша

Қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі "Orion Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жария сервитут белгілеу бойынша жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

Жер пайдаланушылар

Жалпы қөлемі га.

Егістік
га.

Шабындық
га

Жайылым
га.

Басқалай жер
га

1

2

3

4

5

6

7

1

"EMPIRE FOOD" ЖШС

25,5



25,5


2

Кастекбаев Кайрат Джумашевич

46,59



46,59


3

Сакен Сабина Сакенқызы

11,1



11,1


4

Оспанбаев Давлет Рахимбаевич

105,3



105,3


5

Цой Марина Геннадьевна

20,0



20,0


6

Куккузов Бакыт Торсынович

105,2



105,2



Всего

313,69



313,69



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады