Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы | C.Нұрқадыров |
